Өлең, жыр, ақындар

Оразаңыз қабыл болсын!

  • 31.05.2018
  • 0
  • 1
  • 8392
Елім, жұртым, аға-іні бауырларым,
Келді міне біз күткен ораза күн.
Алла қолдап жеткізген осы күнге,
Тұтайықшы сауабы көп оразаның.
Алланың бізге берген сыйы емес пе?
Бес парыздың ішіндегі бірі емес пе?
Жаратқан нәсіп етсе бәрімізге,
Ауызашарда бас қосайық жамағатым.
Қасиетті рамазан құтты болсын,
Ауызы берік бауырларым мықты болсын.
Таң сәріден күн батқанша жасаған,
Әрбір амал тілектерің қабыл болсын.
Алладан иман тілеп адамзатқа,
Ілінбейік ешқашанда жаман атқа.
Бұл өмір өтер кетер мәңгі емес,
Не жетсін тату-тәтті сыйласқанға
Дұға жасап қояйық келер жылға,
Жеткізсін деп «Ай Сұлтан – Рамазанға,
Алладан тілегенім тек жақсылық,
Жүрегі Алла деген әрбір жанға.



Пікірлер (1)

Kerimbekova Dinara

Керемет оте орынды жазылыпты

Пікір қалдырыңыз

Еркелейді бүлдіршін

  • 0
  • 0

Бала-бақша жайнап тұр,
Бұлбұл құстар сайрап жүр.
Қызылды-жасыл алмасы,
Пісіп тұр бақта алшасы.

Толық

Қазағым

  • 0
  • 0

Бисмиллаһ деп бастайын өлеңімді,
Айта бергім келеді өлең-жырды.
Жүрегін толғандырып ұрпағымның,
Жазайын деп жырға толған өлеңімді.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Сағынамыз әркез осы көктемді,
Келіп көктем әкелді міне көктерді.
Жайқалып тұр көктемі мен көктері,
Бағалайық келген осы көктемді.

Толық

Қарап көріңіз