Өлең, жыр, ақындар

Отан да отбасынан басталады

Асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Жанұяң - демеу болар үлкен жүрек.

Әжең сені қасына ап, күлімдейді,
Анаң келіп қуанып, күнім дейді.
Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,
Оларда қиналған соң, уайым жейді.

Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!!!



Пікірлер (3)

бұл ақынның сөздері өте әсерлі осы ақынның өле

Бәрінізге айтатыным өленін оқып көрініз өте әсерлі

Aydanka

Өте керемет жазылған

Алма

Көп тақпақ керек

Пікір қалдырыңыз

Қазақстаным менің

  • 1
  • 0

Кең далада тұрақтаған ел болып,
Егемендікті қолға ұстаған ту қылып,
Билік еткен сахнасында құрлықтың,
Жасай берер, тәуелсіз ел мәңгілік!!!

Толық

Қарап көріңіз