Өлең, жыр, ақындар

Кеудеңе кек келгенде

  • 01.04.2018
  • 0
  • 1
  • 4365
Кеудеңе кек келгенде,
төріңде ой жатпайды.
Қанағат кеткен жерде,
қиянат ойнақтайды.
Астамдық жапса түндік,
ақыл-шал босады үйден.
Шыңғырып жатса шындық,
шүкірлік қашар үйден.
Шашылса сөзің желге,
топастық тамсанады.
Туралық көз ілгенде,
жалтақтық ән салады.
Әділет қалса апанда,
тайраңдар тоқтышағы.
Оранса Ар шапанға,
адалдық оққа ұшады.
Көрікті күл қылады
зорлықтың өрт құшағы.
жер беті – қырғын әлі,
жұмақтың жоқ нышаны.



Пікірлер (1)

Тілекқабыл Ақбота Берікқызы

Фариза апамыздың əр өлеңінде жан дүниенің құпиясы мен сыршылдығы айқындалады.Оқи отырып ой əлеміне сүңгисің)Тылсым күші бардай!

Пікір қалдырыңыз

Ат мінсем, құйындатып

  • 0
  • 1

Ат мінсем, құйындатып,
қалмаймын жігіттерден.
Айтыссам жиында, тек
жеңістен үміттенем.

Толық

Мына кештің ғажабы-ай

  • 0
  • 0

Мына кештің ғажабы-ай,
Сарыарқаның кештері.
Көк аспанның ажары – Ай
жұлдыздарды екшеді.

Толық

Күн

  • 0
  • 1

Сарғайып талып шықты да,
сазарып барып батты Күн,
шашыратып алып шаттығын,
жинай алмасын ұқты ма,

Толық

Қарап көріңіз