Эссе және өлең-жыр байқауы

Ақын өлімі туралы аңыз

  • admin
  • 26.03.2018
  • 0
  • 4
  • 16069
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, болат қақтап отқа,
Жекпе-жек кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?
Арқалап сол майдан жүгін,
Қырғын соғыс ортасында,
Жүрді ұлан. Кекті зілін
Қоса түйіп қорғасынға,—
Ырғып бұлттан түсер жайдай,
Өзі оқ боп атылғандай,
Ерегіске жанын тігіп,
Күтті жауын,
Тас бекініп.
Өмір гүлін жаншып, таптап,
Шаштан сүйреп махаббатты,
Жерімізде жындай қаптап,
Найзаға іліп ар-ұятты,—
Келе жатты сұм жендеттер,
Жиіркеніп,жиырылды жер.
Жауға тамшы татырмастай
Буырқанып тасты өзендер.
Ашулы жел ащы даусы .
Тұндырғандай жау құлағын.
Сол аймақтың әрбір тасы
Күйретердей жау қамалын..».
Канды көбік қара топан
Ортасында бейне шың тас,
Өр кеудесін етіп қалқан,
Сол баяғы жатыр бір жас.
Қойып айды қарауылға,
Күн де шомды ұлы ұйқыға.
Қонды орманға қорғасын бұлт.
Жат дыбысқа құлағын сап,
Тың тыңдаған адамға ұсап,
Айнала аймақ тұрды жым-жырт.
Ойшыл орман мүлгіп, қалғып,
Төңіректің сырын аңдып;
Жайлап қана тартып сырнай,
Сыр шертеді ну қарағай.
Сонау орман етегінде
Жаланған от сатыр-сұтыр.
Қанды ізін қара түнге
Көме тастап жаулар отыр;
Сол бір оттан ыршып бір шоқ
Түсті ме ер кеудесіне?
Қойылғандай болды сол от
Динамиттің пілтесіне.
— Қасақы жау қарсы алдыңда
Қасақана көрсетіп қыр,
Сенің алтын ошағыңда
Зұлымдық от жағып отыр;
Түскен дұшпан терезеңнен
Қапылыста салып жара,
Қуса сені ез төріңнен,
Көнсең соған,
— Не масқара!..
— Қасиет күші
Ұлы Отанның
Қанатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!!.
Күллі әлемнің ашу - кегі
Орна менің кеудеме кеп!
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да жарыл жүрек! .
Бар арманым асқар тауым,
Көтеріл, ел, намыс туы! —
Деп ер ұлан бакты жауын,
Болып серік жан ашуы.
Канды пышақ — жау күлкісі
Қақ жарғандай түн жүрегін,
ІІІошып ұшты орман құсы,
Көл күрсініп алды демін,
Ер күрсініп алды демін.
Қинады жан қызғанышы,
Қимай жауға көл - арнасын,
Жалын шарпып дем алысы,
Құшып жерін, сүйіп тасын
Жүрегіндей сол аймақтың
Алас ұрды намысты ұлан;
Ащы зары махаббаттың
Естілгендей, күйінді жан,
Кеуде кегі, жан ашуы
Кетті шығып «от өзектен»...
Көтерілді жаудың шуы
Түскендей - ақ қаһар көктен.
Айнала 'жау ырсыл" қағып,
Айдаһардай көтерді бас.
Кетті ілезде қызып, жанып
Дүниедегі бір ұлы айқас.
Тұтасқандай жер мен аспан,
Соқты ұйтқып оқ бораны:
Кан кілкіте қара тастан,
Түткіледі кең даланы;
Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар;
Мәңгі мекен. көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді жар.
Ұмтылды жау ондап, жүздеп.
Тойтарам деп ердің сағын;
Тұтқын етіп аламыз,— деп,—
Айқара ашып оқ құшағын.
— Ала алмайсың! — деді ер ұлан.
— Алмай қойман! — деді жауы.
Қысты келіп жан-жағынан
Темір торлы жау құрсауы.
Сілкіндіре жер өзегін
Жарып шыққан отты селдей,
Бет қаратпай өртеп лебі,
Оқ орағын орай сермей;
Соғып жерге жау жүрегін,
Төңкерілтіп төңірегін,—
Бұрсанды кеп батыр ұлан,
Автоматтан түтетіп оқ
Жау тобына лақтырылған
Жер мен көктің көріндей боп.
Қанжарына қарақшының
Қарсы тосып өз кеудесін,
Қорғады жер батыр ұлын —
Жаралы ана жиып есің
— Алмай қойман! — деді дұшпан.
— Ала алмайсың! — деді ер ұлан.
Қайсарлықпен шыққан даңқы
Келе жатты ауыр танкі.
Лақтырылған бір шумақ от, .
Жіберді өртеп жау танкісін.
Ол темірден алды тартып,
Адамзаттың өнер - күшін.
Ыза боп жау жіберді өрт.
Кідірді ер, оқ таусылып.
Автоматы соңғы рет,
Алды демін, тынды сұлық...
«Алтын туын бостандықтың
Бір килодай қорғасынға,
Күліп тұрып сатқан сұмға,
Мен бе екенмін болар тұтқын!»
Серпіп ойын, сілкіп бойын,
Тұрды атып, қарады өртке,
Қалды қатып, салып зейін,
Таңғажайып бір суретке:
Қызыл-жасыл киінген өрт
Көрінді оған боп қыз ойнақ,
Толқып торғын, жайнап букет,
Тым сиқырлы билеп, ойнап.
Ашып отқа омырауын,
— Естісін,— деп,— қырсық жауым.
Айтты ол шырқап өрт ішінде
Сүйген әні «Қарғамауын»...
Қайсар батыр от киінген
Күш-қайратын тіске жиып,
Жаңағы ақшыл ер жүзінен
Жалын тілі тұрды сүйіп.
Шұғыла шалған кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап,
Өрт топанын кешіп, таптай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап;
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге.
Қара түнгі қанатындай,
Алыстағы нажағайдың,
Жарқ-жұрқ етті жүзінде айбын,
Атылғандай ішінде жай,
Жан күнінің нұр шапағы
Күлкі ойнады келбетінде,
Сәл шытынап ай қабағы.
Ең соңғы рет келді тілге.
— Жау жанында сен сүйкімді,
Кел бері, елім, күйіңді шерт!
Менің адал жүрегімді,
Жел, туған жерге алып жет!
Қош бол енді, туған елім!
«Кетті де бір қарыздар жан»,
Бұл емес ед көксеген]м,
Бұл емес ед арман - арман!
Осы-ақ болды, келген қолдан;
Осы-ақ болды-ау, әттең шіркін!
Сен бегелме үлы жолдан,
Туған халқым, туған жұртым!
Сенің ашу - арыстаның
Сілкуші еді жер мен көкті.
Ту сыртынан сығып жанын,
Алшы жаудан, алшы кекті.
Жасашы той!
Бәлкім сонда,
Еске алып бүл бөбегіңді,
Бір азамат өз ортаңда
Оқыр менің өлеңімді.
Қош бол енді, туған елім!
Кеттім, кеттім боп қарыздар.
Жоғал, жауым!
Кел бері, елім!
Қош бол, достар!
Достар! Достар!!!
— О, дүние!—деген даусы
От ішінде сәл тұншығып,
Өмір ақтық музыкасы
Басталды да, қалды тынып,
Қағып алып сол бір күйді
Жалғастыра көкте жырлап,
Өрт үстінде көк түтінді
Құстар байғұс жүр шырылдап.
Айтты да ол, соңғы сөзін,
Аударды бір отты көзін,
Жанарымен шырқ үйіріп,
Жер мен көкті алды жиып,
Сол бір көздің аясына
Кеткендей ед дүние сыйып.
Қүй көңілді, жаз бейнелі
Алтын өмір мың құлпырып,
Көз алдында жардай. күліп,
Қасақана алды тұрып.
Ғашық жардай қайран өмір
Қиналдырмай қалатын ба ең?
Желпуші еді ол, жуытпай кір,
Құс жанының қанатымен.
Кейде сағым, кейде жалын
Арбады елес көз жанарын,
Көрді бәрін, құшты бәрін:
Туыстарын, жан достарын...
Кенет осы сұлу сурет
Тұрған жайнап, көзді тартып,
Сұп - сұрланып, о керемет,
Орны - орнында қалды қатып.
Түр еді ол, үсте жалын
Алтын тудай шалқып, лаулап,
Аялдамай жалт берді өмір,
От төсекке түсті аунап. ...
Ұшты құстар шар тарапқа,
Хабарлауға ер өлімін.
Ұмтылды жау, таптамаққа
Ең болмаса қалған күлін.
Бұлтын жиып көкірегіне
Күрсінді бір аспан ауыр;
Қос қанатын соғып жерге,
Азаланып жетті дауыл;
«Таптатпан,— деп,— күлін жауға»
Құшып алып кетті дауыл,
Республика аспанында
Осынау күйді шертті дауыл.

Басқа да өлеңдері

Жайық

  • 1
  • 1

Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым,
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын.

Толық

Саша

  • 0
  • 0

Бейітінде баласының зарлағандай ана байғұс,
Мұңлы дала аспанында күрсінеді балшықшы құс.
Естіледі егіншінің әлдеқайда салған әні,
Ұзақ әуен жүрек тербеп, қиялыңа жалғанады.

Толық

Бар дауыспен

  • 0
  • 0

Тыңдаңыздар,
Жолдастар,
Жас ұрпақтар!
Дабылдатқан дүниеге

Толық

Пікірлер (4)

Берик Ерболов

Өте керемет екен

Акерке Байман

Пах шіркін неткен керемет!

Аружан Байгел

Оте жаксы жазылыпты

Оагео

Жаксы екен

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...