Өлең, жыр, ақындар

Саған келермін

Бір күні саған келермін,
Құшағыңа енермін.
Сағынып сені, сүйіп алып,
Арманыма жетермін.

Түсіңе сенің кірермін,
Кіріп алып, шықпай жүрермін.
Таңға жақын қалғанда,
Түсіңнен сенің кетермін.

Түстегі ұйқың тағы бар,
Ұмтылып соған асығам.
Сендей жанмен кездесіп,
Тулаған жүрек басылған.

Жүрегім менде біреу ғана,
Сыйлаймын саған,тек қана.
Екіге бөлмей жүректі,
Иесі бол сен ғана.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз