Өлең, жыр, ақындар

Бос сөз

Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.

Не пайда желге ұшқан қаңбағыңнан,
Адамға не малыңа пайдасы жоқ.
Артық емес шағылған жаңғағыңнан,
Күлі қалар, ешқандай айласы жоқ.

Күшке мініп, самалың құйын болып,
Бір орнында тұрғызбас қаңбағыңды.
Не жетсін, туылған соң адам болып,
Сауап іспен қуантсаң жан-жағыңды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

  • 0
  • 0

Таң атты, көзіңді аш күліп бүгін,
Әр таңнан басталады үміт-күнің.
Аллаңа құлшылық ет, тілек айтып,
Тілекті таңертеңгі қабыл етер.

Толық

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН

  • 1
  • 0

Бақытты өмір, ол - бүгін,
Бірдей болған өң-түсің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Көңілді өтсін бір күнің!

Толық

БАҚЫТ

  • 0
  • 0

Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт - сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Толық

Қарап көріңіз