Өлең, жыр, ақындар

ҚАРТТАРЫМ-АУ

Азайып барасыңдар, қарттарым-ай,
Ұрпаққа ақыл берер даналарым.
Көбейіп бара жатыр керісінше,
Мына өмірде қылжақбас шалаларың.

Орынсыз айтысып, сөз жарыстырған,
Түріңнен бала-шаға күдер үзген.
Бос әңгіме өсекті ермек еткен,
Қарттарым-ай, көп жұртты түңілдірген.

Өзінің салт-дәстүрін құрметтемей,
Жастарды сезінбейтін баласындай.
Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан,
Қарттарым, қайтесіңдер, аласармай?!

Жасымыз уақытына сай болмаса,
Ұрпаққа не қалады ондай шалдан?
Әр адам өз орынын білсе екен,
Сый-құрметке бөлену - қандай арман?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенім

  • 0
  • 0

Қорықпаңдар адамдар бұл өмірден,
О, дүние бұл өмір жалғасы екен.
Өмірдің алтын кілті өзіңде екен,
Әр пендені ап шығар Сенім екен.

Толық

Бос сөз

  • 0
  • 0

Бос әңгіме өсекті ермек етер,
Кей адамдар желге ұшқан қаңбақтай.
Салмағы жоқ сөздерден қуат кетер,
Шөл далада қурап қалған жантақтай.

Толық

Сұрақ

  • 0
  • 0

Білесің бе?
Бар сұрақтың жауабы бойыңда екен,
Бұл өзі табиғаттың сыны ма екен?
Қасиеті өміріңнің ойыңда екен,

Толық

Қарап көріңіз