Өлең, жыр, ақындар

ӨМІРГЕ ӨКПЕЛІ ЖІГІТКЕ

Әй, бауырым, сен неге өкпелейсің,
Бәріне де кінәлі өмір дейсің.
Өмірдің саған қандай жазығы бар,
Соны ойлап күндіз-түні көз ілмейсің.

Кінәлайсың неліктен бар адамды,
Жеңілсең, сенің қандай бағаң қалды?
Кінәліні іздейсің өзге жақтан,
Осы ісің жанымды мазалайды.

Неге араққа жүгіндің, ақымағым,
Мас болсаң шешілер бар амалың?
Өмірде сен қашанғы жас боласың?
Жас келгенде балаңа не айтасың?

Алжыған бір әуенге саларсың-ау,
Жақсы күнді өткізіп аласың-ау.
Сендердің заманыңда тусам ед деп,
Өзгеше сылтау іздеп қаласың-ау!

Бауырым, көрінбесін саған елес,
Батыр боп, жауға шабар заман емес.
Отбасыңды ойлаған жігіт болсаң,
Бақытты күтіп алар талай белес!

Жауап тапшы сұрағыма
Өзіңе ұнамаған - кімге ұнайды?
Өзіңді сыйламасаң - кім сыйлайды?
Қорғаныш алмаған отбасыңды,
Айтшы, сен, жаны ашып кім қорғайды?

Ұстазы сендей балаң кімге ұқсайды?
Не ексең, соны орарын ұмытпайды.
Жемісін көрермін-ау деген үміт,
Өзі кеп алақанды жылытпайды.

Ұнар ма өз жолыңды қуған ұлың,
Сен сүрінген өмірде ол сүрініп.
Сен құлаған тағдырға ол құласа,
Не дер едің, япыр-ай, туған ұлың?!

Ойлан бала!
Әр адамның өмірі - өз қолында,
Қашанда жүк қалмайды нар жолында.
Әр адам дұрыс жолға түсу үшін,
Бұл өмірде әйтеуір қармануда.

Жетер енді, еркеліктің орны болар,
Уақыт келді өткеннің бетін жабар.
Көтер басты бұл дағы бір сабақ деп,
Ағайынның, абайла, көңілі қалар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

АНАМА ЕСТЕЛІК

  • 0
  • 0

Кейбіреудің жүрегінен
Орын таба ма деп,
Қолдағы бар алтынын
Қадірлей алмай жүргендер,

Толық

БАҚЫТ

  • 0
  • 0

Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт - сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!

Толық

СУ

  • 0
  • 6

Су патшасы Сүлеймен,
Су қасиетін кім білген?
Су - өмірдің тірегі,
Ой қабілеті кең екен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер