Өлең, жыр, ақындар

АНАМА ЕСТЕЛІК

Кейбіреудің жүрегінен
Орын таба ма деп,
Қолдағы бар алтынын
Қадірлей алмай жүргендер,
Осыдан бір ғибрат ала ма деп -
Бастадым.
Бисмиллаһи ир Рахман ир-Рахим!

АНАМА ЕСТЕЛІК

Ана деген атқа мен,
Қызығам да, қызғанам
Ана деген асылдан,
Бала кезден айрылғам.

Іздеймін мен ана исін,
Орта жасқа жетсем де.
Бала болып еркелер ем,
Берсе Алла бір күнге!

Менде баламын, туылған сол,
Ана деген асылдан.
Бала болып айтар едім,
Сырымды ішке жасырған.

Не тұрады саған Аллам,
Жаратқан мынау ғаламды?
Бар болғаны бір тәулікке,
Сұрап тұрмын анамды.

Құстай ұшып, жинар едім,
Таныстарын анамның.
Жолдас, туыс, ағайынды...
Сағынышын ғаламның!

Әр минутын сол күннің,
Бағалар ем бір жылға
Менен асқан бақытты жан
Дәл сол күні, болар ма?!

Ағайынға мақтанар ем,
Міне - менің анам! - деп
Бауырына сап немерелерін,
Бір иіскетіп алар ма ем?!

Менің де анам болған! - деп,
Сүйінші сұрап келер ме ем!
Бар тапқанымды сол күнге,
Қуанышпен төгер ем!

Ортаға шығып, мен жаққа,
Қарар ма еді бар адам!
Айтар ма ем бар даусымен;
- Мен де тудым анадан!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

  • 0
  • 0

Таң атты, көзіңді аш күліп бүгін,
Әр таңнан басталады үміт-күнің.
Аллаңа құлшылық ет, тілек айтып,
Тілекті таңертеңгі қабыл етер.

Толық

Сұрақ

  • 0
  • 0

Білесің бе?
Бар сұрақтың жауабы бойыңда екен,
Бұл өзі табиғаттың сыны ма екен?
Қасиеті өміріңнің ойыңда екен,

Толық

БАҚЫТТЫ ӨМІР, ОЛ - БҮГІН

  • 1
  • 0

Бақытты өмір, ол - бүгін,
Бірдей болған өң-түсің!
Ертеңгі күн - елес күн,
Көңілді өтсін бір күнің!

Толық

Қарап көріңіз