Өлең, жыр, ақындар

АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

Таң атты, көзіңді аш күліп бүгін,
Әр таңнан басталады үміт-күнің.
Аллаңа құлшылық ет, тілек айтып,
Тілекті таңертеңгі қабыл етер.

Сұрағанға тілеген берем деген,
О, Жаратқан, не деген кемеңгер ең!
Аллаға қызметің адал ма екен?
Соған орай несібе үйіп берер.

Несібенің болады мың бір түрі,
Бақыт, байлық, денсаулық оның бірі.
Таңертеңнен көзіңді ашқан шағың -
Ол да бір - несібенің ең үлкені.

Барды бар деп қанағат, тоба десең,
Жоғыңды Жаратушым жеткізеді.
Сабырлы, кешірімді бола білсең,
Мәртебеңді көтеріп, өсіреді.

Әр күніңе қуанып, бағаласаң,
Қуанышқа қуаныш қоса берер.
Тіршілікті жаныңдай аяласаң,
Өмірдің алтын кілтін сыйға берер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

АНАМА ЕСТЕЛІК

  • 0
  • 0

Кейбіреудің жүрегінен
Орын таба ма деп,
Қолдағы бар алтынын
Қадірлей алмай жүргендер,

Толық

ОЙ МЕН СӨЗ

  • 1
  • 0

Сөз ақсұңқардай,
Адамнан ұшып кетсе де
Ғарышқа барып жетсе де
Егесін табар қайтсе де.

Толық

ҚАРТТАРЫМ-АУ

  • 0
  • 0

Азайып барасыңдар, қарттарым-ай,
Ұрпаққа ақыл берер даналарым.
Көбейіп бара жатыр керісінше,
Мына өмірде қылжақбас шалаларың.

Толық

Қарап көріңіз