Эссе және өлең-жыр байқауы

Қыс

  • admin
  • 16.04.2015
  • 1
  • 12
  • 31968
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.

Басқа да өлеңдері

Күн артынан күн туар

  • 1
  • 3


Күн артынан күн туар,
Бір күн дамыл еткізбес.
Ой артынан ой туар,
Желге мәнсең жеткізбес.

Толық

Шығыс ақындарынша

  • 1
  • 2

Иүзи – рәушан, көзі – гәуһар,
Ләғилдек бет үші әхмәр.
Тамағи қардан әм биһтар,
Қашың құдрет, қоли шигә.

Толық

Әйелің - Медет қызы, аты Ырым

  • 1
  • 1


Әйелің – Медет қызы, аты Ырым,
Айында бір жумайды беттің кірін.
Ер кезек жігітке үшке дейін,
Бір боқты тағы бас та және сүрін.

Толық


Пікірлер (12)

еркемай

абайдын олендери маган керек еди осы жерде коп олендер бар екен маган унады

SuL4

NiCe☝

Айнара

рахмет рахмет рахмет ризамын

сабыр

рахмет

Алдияр

Күшті өлең Абай атаның өлеңдерін жақсы көремін!!! ♥️♥️♥️♥️

жандос

рахмет маган керек ед

Перуза

Оте керемет керемет айтылган

Бауржан

Өте ұнады күшті сайт

Айгуль

Өте күшти айтылған екен

тажибаев досбол

маған өте қатты ұнады мен абаидын өлеңін қатты жаксы көремін

Айболсын

Молодец сендей адамдар болмаса нестейміз

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...