Туған жер-қуанышым

Ұлымын мен қазақтай паң халықтың,
Бабамдай боп Еуропаға барыппын.
Дүйім елді қорғап өткен тұлғаның,
Жолын жалғар ізбасар боп қалыппын.

Жеткен биік жетістігім көп менің,
Елге жақпын,мен әрдайым біргемін.
20 жасқа келген қалам-жүрегім,
Ол-Астана,бой түзеген іргелім.

Ашық аспан тілейінші еліме,
Астанама,қазағымның төріне.
Рухымыздың жаңғыруы саған да,
Керек екен күллі жұрттың бәріне.

Көзің жетіп,ішің жылып қалады,
Қолда барда еркіндігім бағалы.
Жат адамдар түтініңді түтетпес,
Біздің отты қазақ қана жағады.

Өн бойымда көк түріктің қаны бар,
Ата сөзін тұмар қылып тағынар.
Елдік туын таптатпайтын табанға,
Керек әр кез намыстылар,арлылар.



Басқа да өлеңдері

Пікірлер (6)

Фарида

Керемет деніңе саулық тілейсін оқуда озат жəне отбасыңа бақ береке тілейміз.

Роза

Сәлеметсіз.Өлең жолдары керемет екен. Көркем сөз байқауына осы өлең жолымен қатыссақ деп едік.Толық аты жөніңіз бен мекен жайыңызды жазыңызшы.

Роза

Сәлеметсіз.Көркем сөз байқауына осы өлең жолымен бүлдіршіндерді қатыстарсақ деп едік.Сол үшін толық аты жөніңіз бен мекеніңізді жазыңызшы

Махаббат Қожамқұлова

Өте керемет жазылған өлең екен.Тағы да осындай өлеңлеріңіз көбейе берсін

Aidyn1110

Роза,Оңласын Айдын Қалжанұлы.ШҚО,Семей,Ильяшева 94.

Aidyn1110

Семей.Ильяшева,94

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)