Өлең, жыр, ақындар

Мағжан Жумабаев (Арнау)

Қайран қалам, Мағжандай ағамызға,
Ерте кірген ес сіздің санаңызға.
Өз заманның батыры болған сіздей,
Батырларды, жоғалтып барамыз ба?

Қазағымның поэзиясын байытқан,
Елдің мұңын қасыретін айытқан.
Сасықкөлде туып өскен жас ақын,
Шындықты айтып жоғалды ғой ғайыптан.

Сол заманның ақынының тағдыры,
Қазақ болған,жүрегінің бар мұңы.
Пайдасы жоқ адам толып жүр қанша,
Сияр ең ғой қайран іштің тарлығы.

Елді алдаған адамдарды жайпадың,
Сіздер жоқта халқың, сорлы байқадым.
Қазағымның жастарына өнеге,
Еңбегіңнің қайсы бірін айтамын.

Ақын ағам, бал тамар сөзіңізден,
Тыным таппай біздердей кезіңізде
Жатқан жерің жайлы болып,топырағың,
Торқа болсын,рахмет аға өзіңізге.

Қазақ үшін қиғансың бар бағыңды,
Нұрландырар əнімен жан-жағымды.
Көп айтпадым жүзден бір жақсылығы,
Сəл қысқаша жырладым, Мағжанымды.



Пікірлер (9)

Айдарбек

Олен тусиниксиз нашар шыгарган Маган унамады

Аружан

Маган унады керемет

Елзат

Унады жаксы керемет

Ая Ханская

басы норм басталған сонын шамалы дұрыстау керек

Акнур

Кай жери тусиникти емес жакси шыгарилган шабытыныз ашыла берсин шыгармашилигинизга таыс тилеймин

Акнур

Кай жери тусиниксиз ?Автор шыгарманизга табис тилеймин

Магжан

Жаксы оте кушти

Гажаиып

О те керемет аитарга соз жок жаман унамады Деми Магжандаи керемет тулгаларга шын журегимен Олен шыгарганына колдау корсетумиз керек деп оилаим

Аяулым

Кушти болады. Жаксы шыгарылган. Маган унады. Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз