Өлең, жыр, ақындар

Жарқын күннің жарар қашан бүршігі?

Əй, өмір-ай неткен қатал сынақсын.
Кейде қысқа, кейде мәнсіз ұзақсың.
Өз жолыңда ешкімді де аямай,
Қуанышын тартып алып жылаттың.

Не жазып еді, саған сонша налынар?
Жабырқанып, күңіреніп жалынар.
Барлығында өз ішінде өксітіп,
Бүйте берсе, бір күндері жарылар.

Айдап кетті айдалаға толқының.
Ес-ақылдан айырардай жұлқыдың.
Тулап келіп шығардыңда жағаға.
Дауыл соғып, толқыныңмен бүркедің.

Қинасаңда, беріп қойдың төзімді.
Ол төзімде таусылады бір күні.
Қиындықпен күресіп-ақ келеді.
Жарқын күннің жарар қашан бүршігі?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл өмір

  • 0
  • 0

Бақытты етіп күлдіретін бұл өмір.
Қиындықпен кез қылатын бұл өмір.
Барлығында тез қылатын бұл өмір.
Үмітіңді сөндіретін бұл өмір

Толық

Күліп жүрші үнемі

  • 0
  • 0

Қабағыңды түймеші, ренжімеші.
Бəрі жақсы болады маған сенші.
Қанша қиын болсада езу тартып,
Қиындығын өмірдің күліп жеңші.

Толық

Өмір заңы əрқалай

  • 0
  • 1

Біз жақты үнемі күз, жабырқаңқы.
Төбемізді ашылмастай бұлт торлады.
Сарғайған сары күздің жапырағындай.
Ойға шомып, мұңайып солды бəрі.

Толық

Қарап көріңіз