Өлең, жыр, ақындар

Күліп жүрші үнемі

Қабағыңды түймеші, ренжімеші.
Бəрі жақсы болады маған сенші.
Қанша қиын болсада езу тартып,
Қиындығын өмірдің күліп жеңші.

Сенің нұрлы жүзіңді мұң басқанда,
Менің жаным ешқашан тыншымайды.
Түңіліп қарамашы түнгі аспанға.
Тұңғиықтан жұлдыздар қол бұлғайды.

Өмірде сүрінсең қайта тұрғын.
Адам барма өмірде сүрінбейтін.
Қиындығын еңсеріп əрбір күннің.
Үнемі сен жымиып күліп жүргін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл өмір

  • 0
  • 0

Бақытты етіп күлдіретін бұл өмір.
Қиындықпен кез қылатын бұл өмір.
Барлығында тез қылатын бұл өмір.
Үмітіңді сөндіретін бұл өмір

Толық

Жарқын күннің жарар қашан бүршігі?

  • 0
  • 0

Əй, өмір-ай неткен қатал сынақсын.
Кейде қысқа, кейде мәнсіз ұзақсың.
Өз жолыңда ешкімді де аямай,
Қуанышын тартып алып жылаттың.

Толық

Өмір заңы əрқалай

  • 0
  • 1

Біз жақты үнемі күз, жабырқаңқы.
Төбемізді ашылмастай бұлт торлады.
Сарғайған сары күздің жапырағындай.
Ойға шомып, мұңайып солды бəрі.

Толық

Қарап көріңіз