Өлең, жыр, ақындар

Ұстаз бен пəн

Ұстаз атты бір жан бар,
Оқушылар ұстаздарды тыңдаңдар!
Əр күн сайын білім берер сендерге
Үйретеді өмір жайлы бұл жандар.

Өзін-өзі тану пəнін оқысаң,
Адамдықты үйретеді осы пəн,
Мейірімділік,адалдыққа баулиды
Осы пəнді санаңа сен тоқысаң.

Махаббатын оқушыға төгетін
Баласындай сені жақсы көретін
Ей-балалар!ұстаздарды сыйлаңдар
Білім нəрін сендерге кеп төгетін

"Ұстаздан шəкірт озар"
Халық сөзі емес пе
Халық айтса бекер айтпай
Тұрады екен алда есте

Ұстаздарды сыйлау,құрметтеу,
Тəрбиенің мəні екен
Үлкендерді құрметтеу
Бұл өмірдің заңы екен!

8-сынып оқушысы Əділбай Жəнібек Досжанұлы



Пікірлер (1)

Ұлдана

Күшті маған ұнады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз