Өлең, жыр, ақындар

Əзірге бар

Əзірге бар, бізде қымбат қазыналар,
Мұрасын алам десең қасына бар.
Қарттар тірі тұрғанда қадірін біл,
Уақыт ұрлап оларды, азы қалар.

Бүгінгі жас буында базына бар,
Өз тілінде сөйлемеудің лажын табар.
Қарттар қанша қазына болғанымен,
Көмгеннен соң жөнің жоқ қазып алар.

Кім бар екен қарт тілінен азық алар,
Тыңдап келіп, тым құрыса жазып алар..?
Өз тілінен биік қойып өзге тілді,
Еркеленіп қояр емес назы барлар.



Пікірлер (2)

guka1988

Орынды айтылған!

guka1988

Орынды айтылған!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар