Өлең, жыр, ақындар

Ескерерсің

Сен маған ту сыртымнан қарама,
Ту сыртымнан қарасаң сескенесің.
Жақын келіп, жүрегімді жарала,
Сонда менің өлеңімді ескересің.

Ескересің, қоймаймын ескермеске,
Менде бар неше түрлі кездік өлең.
Белімді буамын мен дес бермеске,
Арпалыста шығады үздік өлең.

Арпалыста шықпаса үздік өлең,
Шықпас еді неше түрлі отты қару.
Бақбергенді құтқармасаң ездігінен,
Саған арман болады жоқты табу.

Жақын кел де, жарала жүрегімді,
Мен бе екем жүректі табанға салар..?
Кəсіп қылып аламын түнеруді,
Жеңілтегім сосын мені жаманға санар.

Мен енжар емеспін, ақылдымын,
Тіршіліктен артық қойған ұлт мұратын.
Өткенмен болмаса жақындығым,
Саған менің ештеңем жоқ ұттыратын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз