Өлең, жыр, ақындар

Алтын ана

"Ало, балам, тұңғышым-ау, қалайсың?
(Бүгін күттім, неге звондамайсың?!)
Қарның тоқ па?
Сабағың ше?
жақсы ма?
Аман жүрші, мені несін сұрайсың?"

###

Тағдыр тақты иығыңа жүк , білем,
Анам, жаным, білмеппін ғой түкті мен!
Сен жыласаң, сен көңліңді түсірсең,
Өзді- өзімді, шынымен де, жек көрем.

Шыңғырады жүрегімнен тізбек жыр,
Шүбәсіз-ақ адам шығар бізден бір.
Алаңдама, қала кезіп кетті деп,
Жаман балаң жақсы өмір іздеп жүр

Ауыруды балама емес, бер маған,
Деп тілейтін жаратқаннан, сен анам.
Ер жеттім,шын, ендігіде құдайдан
Ауруыңды сұранатын мен болам.

Бұзақың бар,інішегім, бөлтірік,
Ақылымды ұғынатын жөнді ғып.
Ағам бар деп мақтанады ол , өйткені,
Сол үшін де жүрмін алға ұмтылып.

Әдетім ғой, ұғынытын бәрін кеш,
Ұялатсам жаныңа мұң, жаным, кеш.
Шашыңа ақ түссе, ерек қорқамын,
Жаратқаным жасырмасын бағыңды еш!

Сеннен артық жоқ маған артық адам,
Бағытымның бағдары- алтын анам.
Өмір маған қарсы деп қаймықпашы,
Бермегенін өмірдің тартып алам...

РИНАТ ӘБДІҚАЛЫҚ



Пікірлер (1)

Nurbolatkyzy

керемет!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз