Өлең, жыр, ақындар

Жүректе қайрат болмаса

  • 15.04.2015
  • 2
  • 10
  • 99498

Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.

Аспаса ақыл қайраттан,
Тереңге бармас, үстірттер.
Қартыңның ойы шар тартқан
Әдеті жеңіп күңгірттер.

Тән сүйгенін бермесе,
Жан шыдамас жаны ашып.
Бере берсең бер десе,
Үміт етер таласып.

Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?

Атымды адам қойған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң
Қайда барып оңайын?!



Пікірлер (10)

ізгілік

керемет өлең

Кәусар

Өте мағыналы өлең екен. Оқып отырып ойланып қаласың. Абай атаның қалдырып кеткен дүниелеріне еш біреуі тең келісе алмайды ғой.

а

мен абай атамыздын олендерин унатамын

Кәусар

Тамаша

Жансұлу

Тамаша

Фариза

керемет өлең Рахмет

Гүлім

Керемет,әдемі өлең

Гүлім

Керемет, әдемі өлең.
Оуғанда өте қызық

Гүлім

Керемет өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жалау

  • 1
  • 13

Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тындап?
Несі бар туған жерінде?

Толық

Жақсылыққа

  • 1
  • 6

Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық!
Өз басыңда жының бар бір бақсылық.
Борышқорлық – адамға қиын нәрсе,
Әрқайда өсіткізеді мал тапшылық.

Толық

Есіңде бар ма жас күнің

  • 1
  • 10

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.

Толық

Қарап көріңіз