Өлең, жыр, ақындар

Желсіз түнде жарық ай

  • 15.04.2015
  • 2
  • 32
  • 274800
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны - терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің, топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?



Пікірлер (32)

Гүлназ

Маған өте қатты ұнады.

Дінмұхаммед

Ұнады

Айым

Маған ұнады

Райана

керемет,ұнады ❤

рауан

маған ұнады

Дина

Керемет.

Galiya

Маган катты унады

Патма

унады

Гүлназ

желсіз түнде жарық ай туралы эссе керек еді

Жанайым

Абайдың Көзімнің қарасы атты əнін кімге арнап жазған

Мансұр

өте күшті мəтін екен

Масатбаева Мерует

Маған қатты ұнады Керемет

ҚАНАТ 777

ЗЫҢ

Сембай Актоты

Жаксы ,керемет,тамаша олен екен

Жұмакерім Азиза

Жемісі көп ағаштын бұтағы төмен

Giljamal

Keremet!!!!!!

Асылзада

Ұнады керемет

Сара

Абайдын олендеринин барлыгы керемет

Гулжан Ахмедова

Абай - Гималай

бибімариям

Абайдың өлеңі зың-зың зың зың зың зың зың зың зың зың зың зың
Шәмшінің өлеңі дың дың дың дың дың дың дың дың дың дың дың

Nazira!!!!

Keremet!!!!!!!!!

БАТЫРЖАН

ҚАТЫ ҰНАДЫ

Myrza

Өте керемет

Мейірлан

Мықты

Ақмаржан

Маған Абайдың өлеңдері ұнады өте керемет

Гаухар

Өте керемет

МЕДЕТ

КЕРЕМЕТ

Аруна

Абай Құнанбайұлының Желсіз түнде жарық ай өлеңі әдемі

Айару

Өлең өте өте керемет

Белгібай ахмет

Кушти

Фатима

қандай керемет өлең адамның санасын оятады ғой!!!!!

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақ

  • 0
  • 0

Алла мықты жаратқан сегіз батыр
Баяғыдан соғысып әлі жатыр.
Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Толық

Жақсылық ұзақ тұрмайды

  • 0
  • 1

Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.

Толық

Әйелің - Медет қызы, аты Ырым

  • 1
  • 5

Әйелің – Медет қызы, аты Ырым,
Айында бір жумайды беттің кірін.
Ер кезек жігітке үшке дейін,
Бір боқты тағы бас та және сүрін.

Толық

Қарап көріңіз