Эссе және өлең-жыр байқауы

Өміріңді өзгеге бересің бе?

Өмір деген-тамаша сенесің бе,
Қайта-қайта сүрмейсің келесіде.
Жек көрем деп налисың өміріңе,
Ал өміріңді өзгеге бересің бе?!

Өмір ұстаз болады адамдарға,
Үйретеді жетуді ақ арманға.
''Мықтымын''деп өмірде жылайсың кеп,
Өмір жақсы пендесін сынағанда.

Қайта-қайта өмірге біз келмейміз,
Адамбыз ғой,оңай біз өзгермейміз.
Тірісінде адамның жақсылығын,
Сезбейміз де ,кеткен соң,түгендейміз.

Адамбыз ғой,күлеміз тік тұрғанда,
Көрмек болдың алдамшы жол бұрғанда.
Бірақ ерте түсінбей,кеш сеземіз,
Хақ тағалам төбеңен нақ ұрғанда.

Адамбыз ғой,қайтеміз пендеміз ғой,
Қателесу үшін де келгенбіз ғой.
Біліп тұрып істейміз бір нəрсені,
Алдын ала бəрін де сезгенбіз ғой.

Біле тұра істейміз жанға жаман,
Сөйлейміз,жүрек пен жанға таман.
Қателеспей өмірде бақыт дəмін,
Тату бізге қиын еді,сонысы жаман.

Өмір деген-кеме ғой жүзіп жатқан,
Біреудің таңы атып,кеші батқан.
Жасар жасы таусылып ұрпағына,
Өз өмірін табыстап бара жатқан.

Басқа да өлеңдері

Отбасы

  • 1
  • 25

Отбасы-ол, Отаным бақ мекені,
Хақ тағала қияды ақ некені.
Отбасы-бір мемлекет шағын ғана,
Одан ұлы елдер де қап кетеді.

Толық

Ата-анаға алғыс

  • 0
  • 0

Қардан да, сүттен де ақ жүрегінің,
Төрінде біздер бармыз балалары.
Барлығы перзенттері тілегінің,
Ақылы дариядай даналарым.

Толық


Пікірлер (3)

Аруна Аянқызы

Маған өте қатты ұнады .Керемет.

Нұрсұлтан

Өте керемет. Маған қатты ұнады. Тамаша!

Карамат

Тамаша өлеңдер.өнерің өрге жүзсін. Атақты ақын бол Фариза апаңдай. Жарайсың.маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...