Өлең, жыр, ақындар

Менің-мұңым

  • 09.09.2017
  • 1
  • 2
  • 18202
Тағы да Түн.
Тәтті елестер ұнайтын жаныма тым.
Мына жарық жалғанда болса бір жан
Ол - өзіңсің, мені ойлап, сағынатын.

Жанып, ысып,
Заңғар көкке арманың алып-ұшып,
Білем, сезем, нұрланып отырсың-ау,
Сағынышың айға әппақ шағылысып.

Иә, жаным!
Қиялыңның мекендеп қия, жарын.
Күрсіністер ішіне құлап кетіп,
Өз ойыңның тартасың жиі азабын.

Көзіңде мұң,
Жүрегіңнен бермесең сезімге орын..
Ұмыт мені ендеше! Сені мүлдем
ұмытудың таппадым өзім жолын.

Қайдам, гүлім,
Таусылғандай бар амал – айлам бүгін.
Төзіміңе сүйеніп көз іледі,
Қабырғасы сөгілген қайран мұңым.

Түн - сабырым,
Жұбатады жанарға тұнса мұңым.
Сағынбас ем, дәл бұлай сағынбас ең,
Жүрегіңе, жаным-ау, жүрсе әмірің.



Пікірлер (2)

Сарина Айгүл Қабдолқызы

Қалқаман,фамилиямыз бірдей болған соң өзіңді інім деп айтамын сұрағандарға,олар сенеді.Менің де өлең жазып,домбырамен əн айтатыным бар,əкем Қабдол өнердің адамы еді...өзіңе тілейтін тілегім-аман жүр,өс,өн,тіл-көзден аман бол!

Сарина Айгүл Қабдолқызы

Менің ұялы телефоным 87022825385.Ақтау қаласында тұрамын.

Пікір қалдырыңыз

Күзгі көрініс

  • 0
  • 1

Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.

Толық

Жылы жаңбыр құйып тұр

  • 0
  • 0

Жылы жаңбыр құйып тұр. Құйса, құйсын!
Далам жатыр аңқытып жусан иісін.
Жалаң аяқ жүгіріп мұндай шақта,
Еркелеген анаңа бір сәбисің.

Толық

Тәуелсіздік!

  • 0
  • 28

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Толық

Қарап көріңіз