Өлең, жыр, ақындар

Ана

  • 09.04.2017
  • 0
  • 1
  • 7335
Өмірімнің есігін ашқан Ана,
Жүрегіме жылуын шашқан Ана.
Тәй-тәй басқан қадамымды санап тұрып,
Кең құшағын маған қарай ашқан Ана.

Асыл Ана, аяулы Ана, қымбаттым,
Бір өзіңе үнсіз ғана тіл қаттым.
Жылағанда жылы сөзбен жұбаттың,
Жырға қосып мен өзіңді жырлаппын.

Жәннат ананың аяғының астында,
Бар жылуын шуақ қылып шаштың да.
Ардақтымсың, аяулымсың Анашым,
Құшақ ашып бауырыңа бастың да.

Асыл Ана, ардақты Ана, жан Ана,
Сүйенішім алдымдағы сен ғана.
Баға жетпес байлығым да өзіңсің,
Бақытымсың өмірдегі сен дара.

Биіктесің, қымбаттымсың Анашым,
Сен мен үшін арқа сүйер панамсың.
Әрбір сөзің ұлағатты данасың,
Құрметтесін барлық адам Анасын.



Пікірлер (1)

Назым

Өте керемет өлең

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз