Өлең, жыр, ақындар

Толғау

  • 30.01.2017
  • 0
  • 1
  • 8452
Ерлерім мініп ақ боз ат,
Еліме қонған бақ ғажап.
Алаң да алаң заманда,
Бабам да талай тартты азап.
Алланың ғана құлымын,
Алаштың ғана ұлымын!
Азаттық үшін күреспеу –
Азамат деген атқа жат.
Ойланбай түсем отқа да,
Мәртебең үшін, мәрт ҚАЗАҚ!

Ақ сауыт киіп асылдан,
Дұшпанның құтын қашырған.
Жібермей жауға есені,
Бес қару сайлап асынған.
Бабалар өтті-ау кешегі,
Аллаға ғана бас ұрған.

Ел болдық бүгін көшелі,
Қуанышымды жасырман.
Күткенің, жұртым, осы еді,
Қилы да қилы ғасырдан.
Бағым да менің бес елі,
Қайтпаған ғазиз басымнан.
Кемеңгер елдің көсемі,
Абыройыңды асырған.

Атырау, Алтай арасы –
Қазақтың дархан даласы.
Жетісу менен Арқаның,
Аңқыған жұпар ауасы.
Қаратау – қорған қамқорым,
Алатау – алаш анасы!

Босқын боп келген халықтың,
Болған да елім панасы.
Қандырған шөлін бар ұлттың
Еділ мен Ертіс жағасы.
Татулық сыйын танытты,
Алаштың арлы баласы.

Ән-күйіменен бабамның,
Әлдиіменен анамның,
Тербеліп өскен ұлымын,
Тектілік тұнған даламның.
Қанымен келген бабамның,
Арымен келген анамның,
Дүниеден қымбат, мен үшін
Дидары дархан даламның.

Аққу құс болар, көлімнің
Келбетіндегі киесі.
Жусанды жұпар белімнің
Жер бетіндегі иесі –
Қазақтай елміз ғаламат!
Көңілді тербер күй осы,
Ағайын, бізге аманат,
Алланың берген сыйы осы!



Пікірлер (1)

Бахыт Кәрімқызы

Ақынның жырлары өте керемет,ойлы, мағыналы елінің өткені мен бүгінгі кезеңдері туралы тамаша жырлаған екен.
Ісіңізге сәттілік!

Пікір қалдырыңыз

Мақта қар...

  • 0
  • 0

Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Айнала шашылып ақ моншақ.
Ал менің жапырақ – жүрегім,
Жабықты жаз күнін қатты аңсап.

Толық

Тәуелсіздік!

  • 0
  • 28

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Толық

Әдеп

  • 1
  • 1

Бір ғұлама, тәрбиесі тым бөлек,
Шәкірттердің қарсы алдына бірде кеп.
Түзу сызық сызып қойып тақтаға,
Сынақ болар сұрақ қойды «Бұл не?» – деп.

Толық

Қарап көріңіз