Өлең, жыр, ақындар

Әбден толып жарық ай...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 1
  • 7843
Әбден толып жарық ай,
Жоғарылап өрледi.
Таласып жарға байқамай,
Нұры кемiн көрмедi.

Жар киесi атқан соң,
Секпiл түстi бетiне.
Асылық айтып шатқан соң,
Қаяу түстi шетiне.

Күн сайын кеттi шегiнiп,
Кетiле бердi, кетiле.
Ұялып, әбден жеңiлiп,
Жете алмады ниетiне.

Қабағы ғана қылтиып,
Қара салды бетiне.
Нұрының мiнiн ел түйiп,
Сонда түстi есiне.

Қармақтай белi бүгiлдi,
Таласудан түңiлдi.
Жаны шықты, жығылды,
Таласты екен несiне.

Ай өлген соң күн шықты:
«Мен жеңемiн оны»,– деп.
«Айдан көрi мен мықты,
Болмады айдың жолы»,– деп.

Бiздiң Жарды көргенше:
«Қап, бәлем-ай, сенi...»,– деп.
«Айша кемiп өлгенше,
Тәңiр алсын менi»,– деп.

Күннiң нұрлы бетiнде,
Алты-жетi дағы бар.
Уайым сол ниетiнде:
«Көредi-ау,– деп,– тағы Жар».

Жарым нұрын шашты да,
Күн бетiне қарады.
Күн ұялып қашты да,
Тым төмендеп барады.

Нұрын сүртiп топыраққа,
Зәресi әбден ұшты да,
Қашарын бiлмей қай жаққа,
Тығылды жерге түстi де.

Менiң жарым қандай жар,
Ай өлдi де, күн қашты!
Мағынасын байқаңдар,
Сырлы сөзiм сырды ашты.

Кiмге келсе бiр бәле –
Жар жiберген көлеңке.
Жақсылық болса егер де –
Жар нұрынан бiр сәуле.

Бұл әлемнiң әр түрi,
Бөлек емес ешбiрi.
Бәрi де – Жардың бiр сыры,
Не көлеңке, не нұры.



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Адамдық борышың

  • 1
  • 19

Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.

Толық

Қазақтың жаманы болмас...

  • 1
  • 2

Қазақтың жаманы болмас,
Жаманнан аманы болмас.
Бірігіп іс қылатұғын,
Түзелер заманы болмас.

Толық

Зұлымдық қылып елді жеп...

  • 1
  • 2

Зұлымдық қылып елдi жеп,
Ойладың әбден байырды,
Атану үшiн мырза деп,
Кәрiпке бердiң қайырды.

Толық

Қарап көріңіз