Өлең, жыр, ақындар

Ана

Нұрын төккен күндейсің,
жылытатын жерімді.
Хош иісті гүлдейсің,
көркейтетін төрімді.

Таудан аққан бұлақтай,
мөлдір сенің мінезің.
Жайқаласың құрақтай,
ару анам, бір өзің.

Қадіріңді біледі,
ардақтысың бәріне.
Амандығың тіледі,
жас бала да, кәрі де.



Пікірлер (9)

Манира

Керемет

Арухан

Жақсы өлең бірақ тіледі емес тілейді болуы керек

DIORBEK

Мыкты адеми жазылган тамаша

Әлия

Өте керемет

Жулдыз

Ана туралы кереметь олен екен кушты мна оленды жазган Адам анасын катты жаксы корелы екен

Аяулым

Ана туралы өлең шумақтары бар ма? 8 наурыз ға

Қаламқас

Аяулым, 8 наурызға деп іздеп көрсей

Нұрайым.Ибраһим

Өте керемет өлең менің анамның туған күні 20-сыншы қазан.Туған күніне айтып беретін болдық.РАХМЕТ

Сәнтаева Ақерке

Рахмет сізге!Шабытыңыз мықты екен

Пікір қалдырыңыз

Тәуелсіздікке тәу ету

  • 0
  • 0

Ағыл да тегіл арындап арман ағысы,
бүтіндеп бойын бүрленді бүкіл бақ іші.
Жанданып жатыр жарасын жалап жазатын
табанын тұздан тоздырған түздің тағысы.

Толық

Сәулетай

  • 0
  • 0

Кең-байтақ қазағым көгінің,
Сәулетай – сұңқары елімнің.
Алтын Күн нұрынан төгілген
шуағы болғайсың жерімнің.

Толық

Тартпасын елім тауқымет

  • 0
  • 0

Аңсаған бостан арайын,
аптап күн қақтап самайын.
Таразы көңіл тыншытпас,
тағдырдың тартқан талайын.

Толық

Қарап көріңіз