Өлең, жыр, ақындар

Адам қолы талай жауды жайратқан

  • 18.12.2016
  • 0
  • 6
  • 19435
Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.
Бір өңешті толтыра алмай қос қолмен,
Бұл жалғанда талай пенде босқа өлген.
Адам онда білмей рақат дегенді,
Адам онда сезбейтұғын шабытты,
Қолдар онда жазып зарлы өлеңді,
Қолдар онда көтеретін табытты.
Қолдар! Қолдар! Аян, аян өзіңе!
Оның бәрі өзің жазған шежіре!
Талай - талай таңбаң қалды уақытта,
Жылдар келді, жырлар туды не түрлі.
Бүгін қос қол болашаққа, бақытқа
Барар жолдың рельстері секілді.



Пікірлер (6)

Аружан

Керемет!

Ажар

Өте əдемі жазылған!

НАЗЕРКЕ ПРАЛИЕВА

МАҒАН ОСЫ ӨЛЕҢ ШУМАҒЫ ҰНАДЫ

каракат

оте керемет рахмет осыны ертен манерлеп оку сайысына айтамын

айдана€€££

керемет өлең жақсы екен

Асылжан

Керемет!!!!

Пікір қалдырыңыз

«Аға!» - дедің, бұрылдым

  • 0
  • 4

«Аға!» - дедің, бұрылдым
Ұп-ұзын екен бұрымың.
«Аға!» - дедің, қарадым:
Жарқылдап тұр жанарың.

Толық

Әйел күлкісі

  • 0
  • 2

Анау бір кезде келіндер
Көрпесін жаңғыз жамылған.
Өрт қойнына еніп жер,
Жастықтар жасқа малынған,

Толық

Төзім жыры

  • 0
  • 2

Бүтіннің бәрі тесіліп,
Тесіктің бәрі көміліп,
Бойшаңның бәрі кесіліп,
Толының бәрі төгіліп,

Толық

Қарап көріңіз