Өлең, жыр, ақындар

Біз

  • 09.10.2016
  • 0
  • 7
  • 34220
Асау өсіп арқада
Жүген, құрық тимеген,
Матау көрмей ер жетіп,
Жасынан ноқта кимеген.
Бостандық, кеңдік, еркіндік –
Басқаны жаны сүймеген.
Бұғалық салса ұстауға
Ақырып тулап сүйреген.
Арқаның болдық ұланы,
Еркін өскен бұланы.
Залымдардың жасаған
Аранына уладық.
Қараңғы, суық зынданды,
Жатақ қылды тәніміз.
Қылыштың жүзі, мылтықтың
Аузында болды жанымыз.
Өмірінде жауыздың
Кетіп адам сәніміз,
Арыстандай жаралы,
Өртенді қайнап қанымыз.

Бір шұңқыр су, түйір нан,
Үйреншікті ас болды.
Күл, көмір, қиқым, тоң төсек,
Жастығымыз тас болды.
Тас көмірдің топырағы
Денені басып қаралап,
Тас көмірдің түтіні –
Өкпені қауып аралап,
Қырлы темір шынжырлар,
Қол-аяқты жаралап,
Жауыздардың дұзағын
Көрдік қорлық, азабын!



Пікірлер (7)

Диана

Маған унады

Ербол

Оте жаксы

маржан

өте әсерлі

Маған қатттты ұнады керемет

маған қатттты ұнады керемет

Айгерім

Өте жақсы мəн мағналы барлығы жақсы өлеңдер.

Қуатбек Елігай

Өте керемет

Назым

Керемет жазылған

Пікір қалдырыңыз

Жолдастар

  • 0
  • 0

Намысы бар нашардың балалары!
Неше мың жыл күл болған бабаларың,
Жолдастар!
Сансыз нашар дүниеден салды ұран,

Толық

Ұйым және еңбек шарт-жалшылар қорғаны

  • 0
  • 0

Ал, домбыра, қағайын,
Кернеген күй құйылсын.
Жалшы әлеумет айнала
Тыңдауға бір жиылсын.

Толық

Қырғыз аулында

  • 0
  • 1

Несіне ақын сырын жасырады?
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?...
Мінеки сүйген елін құрметпен ол,
Көтеріп төбесіне асырады!

Толық

Қарап көріңіз