Өлең, жыр, ақындар

Ана тілі

  • 26.08.2016
  • 0
  • 7
  • 17274
Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Тілдің жайын бар жанымен ұғыпты,
Ана тілі - перзенті үшін тұнық-ты.
Сол перзенттің тіл деп соққан жүрегі
Қуаныштан сонда егіліп тұрыпты.

Ұрпақ үшін кемімеген бағаң да,
Алаңдасаң, тілің үшін алаңда.
Сол кезеңде қайран тілі халқыңның,
Тұрыпсың-ау көз жасы боп жанарда.

Қуанышыңды өз перзентің бірге ұқты,
Жақсы күнді қызың тосып, ұл күтті.
Сонда тілім өрледі деп қуанды,
Содан бері ширек ғасыр сырғыпты.

Ширек ғасыр - өтсе уақыт бедері,
Жүзеге асты кейбір іс те келелі.
Мына әлемде өзің барсың, ана тіл,
Сен бар жерде ұлтың да аман келеді.



Пікірлер (7)

Наргиза

Өте жақсы өлең

АМИНА

дұрыс айтасыз өте жаксы өлең маған ұнады

АМИНА

баска олендері бар ма

Өте жақсы өлең

Өтініш жеңуге дұға тілеңіздер

Айерке

Өте керемет мағыналы,ана тілімізді ұмытпайық

Кəусар

Өте керемет жақсы ана тілімізді қадірлейк

Кəусар

Өте керемет "Ана тілімізді қадірлейк"

Пікір қалдырыңыз

Тыңдап тұра бердім сенің даусыңды

  • 0
  • 0

Сен мен үшін таусылмайтын көктем ең,
Мейлі, қойшы...
Уақытымды да шектеп ең.
Сонда-дағы, сонда-дағы бәрінен

Толық

Жүректерді жалғастырып ізгі леп

  • 0
  • 0

Жүректерді жалғастырып ізгі леп,
Қанша иыққа асылды екен қыз білек.
Қанша жігіт бола алды екен Төлеген,
Қаншама ару бола алды екен Қыз Жібек.

Толық

Ару-болмыс

  • 0
  • 1

Сен біреуге басыңды име,
Олар саған иілсін.
Лайықсың жасын күйге,
Иілгенің-дүйім сын.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер