Өлең, жыр, ақындар

Қыз жүрегi жылады

  • 25.08.2016
  • 0
  • 0
  • 3262
Бақыт таңы нұр боп атып күлгенде,
Сезiмiнiң жанып оты бiр демде,
Махаббатқа сенiм артып жүргенде,
Ару жүрек алданды.

Нұр жүзiнен күлкi қашып торығып,
Мұң теңiзi тағдыр жолға жолығып,
Дұшпан түгiл досынан да қорынып
Қыз жүрегi жылады.

Шат күндерiн көрiп өткен түс қылып,
Бақыт құсын жүрегiнен ұштырып,
Махаббатты "Жоқ!", "Жалған!" деп ышқынып
Қыз жүрегi жылады.

Үмiт артып жүргенiнде таңдарға,
Сенiм артып жүргенiнде арманға,
Кездессе егер өтiрiк пен жалғанға,
Қыз жүрегi жылайды.

Кеудедегi аппақ арман алданса,
Берiлген серт өтiрiкпен жалғанса,
Мың құбылып есi кеткен жандарша,
Қыз жүрегi жылайды.

Қалғанменен қыз көңiлде сыр анық,
Арман деген асу қайта құралып,
Жылайды да өксiп, тағы жұбанып,
Қыз жүрегi мiнер үмiт-кемеге.

Өмiрiнiң сынға түсiп сан қыры,
Шайқатылып арман-кеме тағдыры,
Тәлкек етiп теңiз-толқын ал мұны,
Қыз жүрегi жылады.

Сезiмiнiң сәтсiздiгi қыз жүрегiн жылатар,
Ал жiгiттер оттай ысып кеудесi,
Бiле алмай сенерiн не сенбесiн,
Болса анық сүйгенiнiң келмесi,
Iштен ғана тынады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызының анасына құттықтау тілегі

  • 0
  • 1

Шаттық күлкі жүзде ойнап тұрған күн
Қуандың да, сол шаттықпен нұрландың.
Мама, өйткені бүгінгі күн сен үшін
Ақ тілектер тасқындайтын туған күн.

Толық

Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер

  • 0
  • 1

Ғашық болып бір-біріңе көрсеткенде шат қылық,
Алғы күннен осы той боп оянатын тәтті үміт.
Енді, міне, сендер үшін орындалып сол арман,
Шаңырақ пен босағадан кірді бүгін бақ күліп.

Толық

Сізде жатыр тағылым

  • 0
  • 1

Айтсақ сөздің әділін,
Ұстаз жанын біліп ұқ.
Сізде жатыр тағылым,
Сізде жатыр ұлылық.

Толық

Қарап көріңіз