Өлең, жыр, ақындар

Жыр-әуен

  • 13.08.2016
  • 0
  • 0
  • 4385
Жыр жолынан саздың ұғып мұратын,
Өз болмысы мұң мен саздан тұратын.
Маңдай шашын сілкіп тастап саусақпен,
Телеарнадан жыр оқитын бір ақын.

Жауhар жырдан алдық па екен тыныстай,
Өнер тумас Ән менен Жыр ұғыспай.
Өлеңдері саз болмыстан құралған
Әлгі ақын еді Рахым Тынышбай.

Жыр жолымен саздың ұғып өтемін,
Сен үйреттің сазсыз өмір бекерін.
Сен сіңірдің өнер сүйген қауымға
Ән мен Жырдың егіз ұғым екенін.

Сендік болмыс жыр мен сазға бөленген,
Сол өнерден қуат алып келем мен.
Дәл өзіңдей ақын бар ма сөйлеткен
До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си-ді өлеңмен.

Сендегі жыр, сендегі ән, үн басқа,
Сезім сырда айналды ару сырласқа.
Махаббатты жырламаған ақын жоқ,
Сенің жырың еді-ау бірақ бір басқа.

Сазды үнмен жырға бөлеп табыстың,
Мағынасы болады рас әр істің.
Телеарнадан көрінуші ең бір кезде
Тербетіліп ырғағында вальстің.

Жиі еске алып Махаббаттың көктемін,
Көп жырлап ең ақындардың өткенін.
"Кейіме, інім" деп жұбатқан өзіңді
Сен көргенсің Мұқағали мектебін.

Жыр жолынан саздың ұққан мұратын,
Өз болмысы мұң мен саздан тұратын.
Ән қалдырып айта жүрер халқына,
Дүниеден көшті сосын бір ақын.

Шаттанса әуен, шабытпенен жыр күлсін,
Өнер - мәңгі, соны бүгін білдім шын.
Сері болмыс жан еді ғой өзі де,
Серілерді кетті ме іздеп, кім білсін?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз-әлем

  • 0
  • 2

Түсіргендей бір сәуле түнге жарық,
Думан-нұрға қос жүрек бірге барып.
Махаббаттың шырағы маздады да,
Сала берді қыз-әлем гүлге оранып.

Толық

Әкелерге арнау

  • 0
  • 3

Өмір жолдың болса да көп астары,
Әкелермен биік елдің аспаны.
Қашанда да құрмет тұтқан аналар
Шаңырақтың иесі олар, бастауы.

Толық

Он жылдан соң...

  • 0
  • 0

Тал бесігіңнен таңғажайып сыр таба алдым,
Есіңнен әлі кете алмай жүр-ау балаң күн.
Он көктемнен соң ойларға толы өмірмен
Шәкірттік шаққа оралдың.

Толық

Қарап көріңіз