Өлең, жыр, ақындар

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл...

  • 15.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14157
Тәңiрiнi iздеп бiр мұңғыл
Тас суретке шоқынса,
Өлсе де, болып соған құл,
Иманын бұзбай отырса.

Атақ, пайда iздемей,
Ойында мақтан жоқ болса,
Қиянатты көздемей,
Қанағатқа тоқ болса.

Молдеке, оған таңданба,
Сол кiредi бейiске,
Екi жүздi сандалма
Сен қаласың кейiсте.

Құдайың мен дүниеге
Кезекпе-кезек шоқынсаң,
Инедей пайда тие ме
Мешiтте мың жыл отырсаң?

Кiмде болса шын мiнез,
Болмас онда екi сөз,
Өлтiрсе де көзбе-көз,
Иманын сатып, алмас бөз.

Иман да сол, дiн де сол –
Адаспайтын айқын жол,
Күнде, мейлiң, ыза бол,
Бейiске анық кiредi ол.

Мысал емес ындыным,
Әлгi мұңғыл – әулие,
Иманын сатқан жындының
Iздегенi – дүние.



Пікірлер (2)

Мұқан

.өте орынды .бəрекелді!

Пікір қалдырыңыз

Сөз жазып, өлең өлшемек

  • 1
  • 2

Сөз жазамын түнімен,
Бар ұйқымды қашырып.
Тығып қойман мұны мен
Еш адамнан жасырып.

Толық

Бұл кездегі діндердің бәрі – нашар...

  • 1
  • 2

Бұл кездегi дiндердiң бәрi – нашар,
Ешбiрi түзу емес көңiл ашар.
Өңкей алдау, жалғанды дiнiм дейдi,
Тексерсең, ойың түгiл жаның сасар.

Толық

Жуандар

  • 2
  • 1

Жуандар, елді билеп не қылмақсың,
Өздеріңе айтқызсаң – әділ-ақсың.
Мен қарасам, сендердің бетің теріс,
Әбден асып, ақ жолдан адаспақсың.

Толық

Қарап көріңіз