Өлең, жыр, ақындар

Біз қазақтың екі ақыны біргеміз

  • 27.06.2016
  • 0
  • 1
  • 11067
Олжас Сүлейменовке

Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да
Ал сен туған мекеніңе терең тамыр жайдың да
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң-зарына болысып
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!



Пікірлер (1)

Абат

Өз тілінде ойламаған, сөйлемеген еш адам,
Өз елінің патриоты болмаған!
Ол өмірдің заңы емес пе,жан АҒА,
Олжастардай тайғанаққа,
Нақ сенуге бола ма?
Ондайларды дос санауға бола ма?!

Пікір қалдырыңыз

Наурызға ода

  • 0
  • 1

Қанша ғасыр сән берген даламызға
Өзгеше бір әні едің байтақ елдің,
Сәлем, Наурыз!
Сен біздің арамызға

Толық

Қымыз бен піспек

  • 0
  • 0

Кел, ағатай, сырласалық, ойласалық аз уақыт
Шабыт отын жаққандардың бірі сенсің маздатып.
Ара-тұра намысыңның желмаясын боздатып,
Ойларыңды ұлы Әуезов ойларына қоздатып,

Толық

Ормандағы оқиға

  • 0
  • 2

Көргендер де,
Көрмеген де арманда,
Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда.
Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да,

Толық

Қарап көріңіз