Өлең, жыр, ақындар

Отырар кітапханасы

  • 27.06.2016
  • 0
  • 10
  • 22491
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар,
Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай.
Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар,
Өткен заман елестерi әлi қоршап тұрғандай.
Қайырмасы:
Көзсiз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың ұшқыр ойы, санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллi әлемдi таң қалдырған,
Рухыңмен қолда бiздi
Отырардың ұлы кiтапханасы!
Өмiрiмiз күнде күрес, қайшылығы тiптен көп,
Неге төмен қиратқыштан мейiрбанның атағы?
Шыңғыс ханның iзгiлiкке шабуылы бiткен жоқ,
Зұлымдықты мадақтау да зұлымдыққа жатады.
Қайда барсаң жеке мүдде жеңiсi үшiн алқыну,
Таптыра ма құмға сiңген зор парасат дастаны?
Басты мақсат - Фарабилер биiгiне талпыну,
Рухы жоқ бiлiмдiден қоғам шаршай бастады.



Пікірлер (10)

Балмекен

Өте керемет!

Айзере

Осы өлеңді қара сөзге айналдыра аласыздар ма?

Іңкəр

Иә айналдыра аламын. 5000 тг

Әлия

Осы туралы қара сөздер жоқ па ?

Айгерім

Осы өлеңді кім қара сөзге айналдыра алады

Айгерім

5000тг неге қымбат

Дильназ

қара сөзге айналдырып берініздерші өтінем

Жанерке

Неге 5000 тг???

Жанет

Не деген керемет

Інжу

Отырарда кітапханасы М.Шахановтың өлеңін қара сөзге айналдырыңышы

Пікір қалдырыңыз

Цемент

  • 2
  • 1

Құм мен құмды кіріктіріп жалғайтын,
"Тас пен тасты біріктіріп қолдайтын,
Топтасуға жаны ғашық,
Үгілгеннің бағын ашып,

Толық

Біз қазақтың екі ақыны біргеміз

  • 0
  • 1

Біз қазақтың екі ақыны әрқашан да біргеміз
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде

Толық

Құдаша

  • 1
  • 6

Бас имей бұрқасынға
Өтті де жылдар ағып.
Туған жер қырқасында
Қап қойды бұл балалық.

Толық

Қарап көріңіз