Өлең, жыр, ақындар

Махаббаттың жазылмаған заңы

  • 27.06.2016
  • 0
  • 6
  • 51232
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура,
Жол түскен соң болмас кейін қайтуға.
Сүйген адам сезімі үшін бақытты,
Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Бұл жайлы көп мұңдаудың не орны бар,
Жандар да бар пәк сезімді қор қылар.
Махаббатты үйлену деп ойлайды
Құдіреттің құнын білмес сорлылар.
Аз ба өмірде жылап жүріп күлгендер,
Құр күлкінің қасіретін білгендер.
Ойлашы өзің, аз ба мынау әлемде
Сүймей, сенбей тағдыр қосып жүргендер.
Өмір солай, күйзеліс көп, жұлқыс көп,
Болсын, мейлі, дінің түзу, тұрмыс тоқ,
Сүймей, сенбей тағдыр қоссаң біреумен,
Махаббатта бұдан асқан қылмыс жоқ.



Пікірлер (6)

Ержан

Алла разы болсын кокемизге. Олендеринде бир танине кирип кететин дирил тудыратын акындыкты Мукагали атамыз бен Мухтар кокемизден гана табамын да. Кози тирисинде рахметимизди жаудырамыз, аман журиниз, рахмет сизге АРЫС АКЫНЫ.

Гулжамал

Оқысаң оқи берегің келдеді, барлық өлеңдері тамаша, деніңіз сау болып, аман жүріңіз аға!!!

кеттім

Махаббатты үйлену деп ойлайды Құдіреттің құнын білмес сорлылар... дегені түсіндім, бірақ "сүйемей сенбей тағдыр қоссаң біреумен, махаббат та бұдан асқан қылмыс жоқ" дегені алдыңғы айтылғанға қарсы емес па түсінбей жатырмын

Мадияр

Ариптеринде кате бар, туырлап тусинип алындар, "коссан емес негизи косса" сол сиякты

Алма

Мадияр, ол жерін Мұқаңнан сұрарсың енді

Бакытбек

Күн батқанша отырдым шың басында,қарап тұрдым жаңа айдың тұлғасына,осы өлеңді табуға көмектесіңіздерші

Пікір қалдырыңыз

Жайықпен жүздескенде

  • 1
  • 3

Сәлем, ұлы Жайығым!
Толқынына кім салмады қайығын.
Кім шертпеді саған келіп шаттығын,
Кім жумады саған келіп айыбын.

Толық

Достық пен махаббат

  • 0
  • 2

Өзендер мен көлдердің,
Көлден шалғай шөлдердің,
Биіктер мен алыптардың,
Жылулар мен жарықтардың арасын

Толық

Бақытты бол

  • 0
  • 2

Өр көңілім саған қарай сүйреген,
Әнім едің шырқай салған кештерде.
Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен,
Терезеден сенің шамың өшкенде.

Толық

Қарап көріңіз