Өлең, жыр, ақындар

Тағы сорлы қазақ

  • 15.04.2015
  • 1
  • 6
  • 19313
Салынған қала жоқ,
Оқытқан бала жоқ,
Қолында өнер жоқ,
Ғылымда дана жоқ.

Қалалық жері жоқ,
Еңбектің тері жоқ,
Пайдасыз шығыншыл,
Қазақтан сері жоқ.

Қазынасы тағы жоқ,
Басында бағы жоқ.
Партия, барымта,
Ісінің ағы жоқ.

Қуаты, күші жоқ,
Сырты бар, іші жоқ.
Артына қам қылып,
Ұмтылған кісі жоқ.

Көретін көзі жоқ,
Ұғатын сөзі жоқ.
Қазақтың бұл күнде
Аты бар, өзі жоқ.

Түзелер кезі жоқ,
Түзетер тезі жоқ.
Жер жүзі халқының
Қазақтан езі жоқ.



Пікірлер (6)

нурмухаметов айжулдыз

бул олен оте жаксы жазылган. казактар намыска тырысып енбек ету керек.

лплл

мына олен нагыз акыннын олени ма Шакарим Кудайбердиулынын

Қарауыл

Шәкәрім ата кешіріңіз

Соен

Маған Шәкәрімнің 20 өленің жаттау керек,немесе одан да көп, помогитеееее

Айсана

Шәкәрім Құдайбердіұлының Тағы сорлы қазақ өлеңі маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Ескі ақындық

  • 1
  • 1

Мұны оқыған ұландар,
Үмбетей жырын тыңдаңдар!
Байқап оқып әрбірін,
Ақылға салып бар сырын,

Толық

«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы

  • 1
  • 2

Жаңа ойдан
шығарған
бір бөлек бұл ән,
Жақсы үнді,

Толық

Арман

  • 1
  • 3

Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда,
Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда.
Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп,
Орақшы пішен шауып шөп алғанда.

Толық

Қарап көріңіз