Өлең, жыр, ақындар

Өзбекістан

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5840
Түркістанның қақпасынан түнде өттім,
Регистанға жеткенше әлі жол ұзақ.
Жүрегіңнің жалыны екен, білмеппін, Өзбекістан!
Соғып тұрған аңызақ.
Жатыр ара жинамаққа күндіз бал,
Шайқалмайды алма ағаштың бұтағы.
Таң алдында жанады ақық жұлдыздар
Ұлықбектің жазып кеткен кітабы.
Қарайды ол сонау биік шоқыдан,
Көкжиектің кемерінен көз алмай.
Шашырайды Фархад ГЭС-тің отынан,
Ала сәуле ұшып алтын тозаңдай.
Көз алдында мың құбылып тұрады
Өзбекістан өрнегіндей кілемнің,
Жел де енді саяхатқа шығады
Қырмызыдай сүйіп қызыл гүл ернін.
Көріскенше асығады жан-жүрек,
Тарс-тұрс ұрып тар кеудеге сия алмай.
Өзбектердің сөзі майда тал жібек,
Үлбіреген, мөлдіреген қиялдай.
Алтын арай — алтын анар бар қыстақ,
Төс төбеден төгіледі жүзімі.
Күн шырағын көтерілді қолға ұстап,
Өзбектердің құшағындай қызуы.
Түркістанның қақпасынан түнде өттім,
Регистанға жеткенше әлі жол ұзақ.
Жүрегіңнің жалыны екен білмеппін, Өзбекістан!
Соғып тұрған аңызақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тілі

  • 0
  • 0

Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың,
Қасіретімді —қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.

Толық

Батыр мен аты туралы баллада

  • 0
  • 4

Қас батырға оқ қадалды үш рет:
— Ал, тұлпарым, туған жерге ұшып жет!—
Иесінің үнсіз сөзін ұққандай
Жануары тартты желге кісінеп.

Толық

Теңіз тамшысы

  • 0
  • 1

Судың атқып аспанға тамшылары,
Найзағайдай қайтадан шаншылады.
Бір тамшыда кешкі күн батуымен
Бір қабысқан жанатын таң шырағы.

Толық

Қарап көріңіз