Өлең, жыр, ақындар

Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі...

  • 14.04.2015
  • 2
  • 1
  • 7950
Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі,
Ойлағанға ап-анық тұр мұнысы
Сасқанынан сандырақ жал айтады,
Ыза болып сақылдап кетік тісі.

Айтыпты қатынының бір ойнасшысы:
«Неге ойнас қылады екен байлы кісі?»
«Өзің неге қыласың?» деп сұраса,
Өйтпесе бұрайды екен оның іші.

Кей ұлықтың осындай бар белгісі,
Оны айта алмай құриды елдің мысы.
Не көзінше, не сырттан мінін айтсаң,
Не қинап, не келеді өлтіргісі.

Ол өзі – түзететін ел басшысы,
Бұл болса ұлығының қылған ісі.
Қарапайым қазаққа не сұрау бар
Не сүйсе, соны қылсын жабайысы.

Бірдей адам кайда бар іші-тысы?
Міндімін деп келмейді жығылғысы.
«Дерт жасырған ажалсыз өлер» деген,
Қазақты ондырмайтын – осынысы.

«Мін түзелмей, түзелмес ел жұмысы»
Деген жоқ па бұрынғы білімдісі.
«Ханы тура болмаса, халқы оңбайды»,
Мұны айтқан – өткен ердің жігерлісі.

Нәпсі жеуден жалықпас жазы, қысы,
Зорлықтың мақтанмен бар байланысы.
Қайтіп оны таза деп айта алармыз,
Айла, мақтан, зорлыққа толса уысы?



Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Мақтау мен сөгіс

  • 1
  • 7

Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап, суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім –онда ісің жоқ,
Бәрі – бір, сен де елерме дуанасың.

Толық

Ана жыл әскер шығып, оңнан-солдан...

  • 1
  • 2

Ана жыл әскер шығып, оңнан-солдан
Соғысып жердің жүзі қанға толған.
Сол кезде Америка деген елде
Уолдер Белдет дейтұғын бір бай болған.

Толық

Өртейін деп отқа көмдім...

  • 1
  • 2

Өртейiн деп отқа көмдiм,
От жүрегiм жанбады.
Жанды апарып жарға бердiм,
«Пара ғой» деп алмады.

Толық

Қарап көріңіз