Өлең, жыр, ақындар

Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім күйді

  • 14.04.2015
  • 1
  • 2
  • 11564
Таза арақты әкел, шырақ,
Болайын қайғыдан жырақ.
Бойым – еркiн, ойым – ұжмақ,
Тiлiм – бұлбұл, сөзiм – бұлақ!

Уайым жоқ, табылды арман,
Түсiп сәуле асық жaрдан.
Көтердi пердесiн әбден,
Қызыл гүлiм ашылған шақ.

Нұрына күн нұры жетпес,
Қасы – жай, кiрпiгi – оқ реттес.
Көңiлден суретi кетпес,
Жүзi – сиқыр, шашы – тұзақ.

Қара көзi өтiп ойға,
Әсерi жайылып бойға,
Тұрғандай шақырып тойға,
Бойымда жоқ сабыр-тұрақ!

Ернiңде қиын сыр бар‚
Жаным соған тым ынтызар.
Сүйейiн дейтұғын шығар‚
Лайық па екен денем‚ бiрақ?

Тең емес ернiне ернiм‚
Ерiнге‚ мiнi‚ жан келдiң.
Сүйiп кел‚ сенi жiбердiм‚
Тұра тұрсын денем аулақ.

Бояуы мiнсiз‚ сұлу шын жар‚
Жүрегiмде сипатың бар.
Болып ынтық қыламын зар‚
Бұ әлемде бармысың шын-ақ?

Көрiп көз нұрыңа қанса‚
Барып жан ләззатын алса.
Тәнiм құрбан бола қалса‚
Мұнан артық болар ма бақ?



Пікірлер (2)

Зарина

Өте жақсы өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Дін

  • 1
  • 1

Жер жүзіне қарасам,
Неше түрлі халық бар,
Дін, иманын санасам,
Мыңнан артық анық бар.

Толық

Адам немене?

  • 1
  • 2

Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда,
Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда,
Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк
Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?

Толық

Қорқыттың сарыны

  • 1
  • 2

Кешегi кеткен Ер Қорқыт
Кейiнгi жанға болды ұмыт‚
Сарынын соның салайын,
Ескi әуез демей құлақ тұт.

Толық

Қарап көріңіз