Өлең, жыр, ақындар

Достыңыз зор, дұспаның қор...

  • 14.04.2015
  • 1
  • 2
  • 11720
Достыңыз зор,
дұспаның қор,
Бар тiлекке жетсеңiз.
Сансыз бақыт,
алтын тақыт,
Барша жаннан өтсеңiз.

Қалса уайым,
болса дайын,
Ненi талап етсеңiз.
Бәрi қайда,
несi пайда,
Түк ала алмай кетсеңiз.

Дүние қу –
бiр ағын су,
Түстiк онда шөп болып,
Күнде ағамыз,
сандаламыз,
Бейнетiмiз көп болып.

Кейде тасқа
кейде ағашқа
Соқтығамыз дөп келiп.
Суынан да‚
уынан да
Құтыларымыз жоқ болып.

Дүние ағып,
сусыл қағып,
Фәни көлге құйылар.
Бiрi ерте‚
бiрi кешке
Шөп те келiп жиылар.

Көлге барып,
тыным алып,
Бәрi сонда жиылар.
Алды тыныс,
болды тыныш,
Су ағыны тыйылар.



Пікірлер (2)

аиару

өтекеремет тебіреніп қалдым

Пікір қалдырыңыз

Айна қойдым алдыма...

  • 1
  • 1

Айна қойдым алдыма,
Көрейiн деп өзiмдi.
Екi құлақ тарс бiтiп,
Шел басыпты көзiмдi.

Толық

Қош!

  • 1
  • 1

Жас өтті тынымсыз,
Өнерсіз, ғылымсыз,
Надандық жолымен
Кеттім-ау білімсіз.

Толық

Қорқыттың сарыны

  • 1
  • 2

Кешегi кеткен Ер Қорқыт
Кейiнгi жанға болды ұмыт‚
Сарынын соның салайын,
Ескi әуез демей құлақ тұт.

Толық

Қарап көріңіз