Өлең, жыр, ақындар

Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның шешуі

  • 14.04.2015
  • 1
  • 2
  • 21455
Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсiзге нанам деп болмаймын мат.
Бастағы көз‚ құлаққа сенiмiм жоқ,
Терең ой мен ақылға айтамын дат.
Пайғамбар, әулие айтты десе-дағы,
Ақыл қабыл алмаса, ол маған жат.
Шатақ дiнге, әдетке не бiлгiшке
Ноқталатпай ойымды қылам азат.
«Ақылға билетпеген пенде – айуан»‚
Десем де бола қоймас сөзiм ағат.
Құранның шын мағынасын шатақ ұғып,
Молдалар маған қоймақ кәпiр деп ат.
«Ақылыңа сынат,– деп,– дәлел айтқан»
Құраннан табылады талай аят.
Тәпсiр деп қасиетiн талқан қылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат.
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас,
Бетiне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат.
Жаман тәпсiр жайылып жер жүзiне‚
Дiн десе тұра қашты естi азамат.
Бар обалы олардың тәпсiршiде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатенi түзеткен әлiмдер көп,
Соның сөзiн оқысам, боламын шат.
Қиянатың бар болса‚ иманың жоқ,
Маған десе, мың жылдай қыл ғибадат.
 



Пікірлер (2)

Лола Сабденова

Шəкəрім Құдайбердіұлы өте керемет ақын,оның өлеңдері де өте керемет!!!

Пікір қалдырыңыз

Ақылдың жауабы

  • 1
  • 4

Шын ақыл,
Бiр мақұл,
Түсiрдi ой маған.
Мақсұтың,

Толық

Пайғамбар Мұса жолықса...

  • 1
  • 3

Пайғамбар Мұса жолықса,
Сөйлесiп көңiлiм орнықса:
«Адасты жебiрей,– дер едiм,–
Тәуратты қайта толықта!»

Толық

Өртейін деп отқа көмдім...

  • 1
  • 2

Өртейiн деп отқа көмдiм,
От жүрегiм жанбады.
Жанды апарып жарға бердiм,
«Пара ғой» деп алмады.

Толық

Қарап көріңіз