Өлең, жыр, ақындар

Көктем келеді

  • 03.02.2016
  • 0
  • 2
  • 12870
Көктем келеді, келеді
Қызылды-жасылды
Қызғалдақпенен.
Қырдан гүлдер тереді
Қыздар баппенен.
Қара көздер жайнап жанады
Далада қос-қос шырақ боп,
Желменен ойнақ салады
Бұрымдары қара бұлақ боп.
Нәзік бір үнмен ауаны сызып,
Төгіліп жастық көз шарасынан,
Аққулар - қыздар ағады жүзіп
Жасыл гүлдердің арасынан.



Пікірлер (2)

Улмекен Адай

Өте жақсы жазылған өлең шығармалары.әсіресе "құлын" өлеңі ұнады.оқып отыра эмоцияны жасыру қиын екен))

жанерке

ол өлең өте әдемі

Пікір қалдырыңыз

Ұльітау

  • 1
  • 0

Сағындым Кішітауымды,
Сағындым Ұлытауымды,
Сағындым туған бауырымды,
Сағындым қайран ауылымды.

Толық

Тыңда, жолдас комиссар!

  • 0
  • 1

Тыңда, жолдас комиссар,
Жібер мені майданға.
Қан жорықта жүрейін,
Қайырламай қайраңда.

Толық

Қош бол, сәулем

  • 0
  • 6


Қош бол, сәулем, қан майданға жөнелдім,
Жаным барда жаудың жолын бөгермін.
Я болмаса омырауымнан оқ тиіп,

Толық

Қарап көріңіз