Туған жер

  • admin
  • 03.02.2016
  • 0
  • 16
  • 22679
Шықшы тауға, қарашы кең далаға
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей
Ақын болмай тасың болсам мен егер

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің
Нендей күйге жүрегімді бөледің
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім
Қызығыңды көріп еркін келемін
Сен де аямай бердің маған барыңды
Мен де аямай барым саған беремін

Болдым ғашық туған дала мен саған
Алыс жүрсем, арманым - сен аңсаған
Жақын жүрсем, мен төрінде рахаттың
Өз советім - өзім туған босағам

Басқа да өлеңдері

Қарындасым Марпуға

  • 1
  • 0

Аялаған айдын көл де,
Ұқсап бейне аққуға,
Астанаға келдің сен де,
Қарындасым Марпуға.

Толық

Жаз көңіл

  • 0
  • 1

Жаз көңіл жарқылдаған бұл бір шағым,
Жаныма дарытпаймын дүние шаңын.
Әніммен қарсы аламын әрбір күнді,
Жайғандай ерке нәзік жар құшағын.

Толық

Фатимаға жазған хаттан

  • 1
  • 1

Шұбар тауға шарықтап,
Жетші жылдам, өлеңім,
Аққудайын аруға
Айтшы, ақынның сәлемін.

Толық

Пікірлер (16)

аружан

Маган Касым Аманжоловтын туган жер деген олени катты унайды

Қымбат

Маған бұл өлені ұнайды, бірақ неге ен ақырғы жолында:
Өз советім-өзім туған босағам деп тұр солай дұрыспа əлде бұрыспа

ализа

Маған катты ұнады

ботакөз

маған бұл өлең қатты ұнайды

Адина

Қасым Аманжолов атамыз бір тума ақындарымыздын бірі өлеңдерінің қайсы бірі болмасын адамды еліктіріп əкетеді

Жанибек

Маган К.Аманжоловтын олендеры катты унайды.

AUBAKAR

Қазақ əдебиеті дами берсін!!!!

Ерасыл

Маған бұл өлең қатты ұнады

Қарақат

маған Қасым Аманжоловтың туған жер өлеңі ұнады

Нурайым

Қасым Аманжолов қатты ұнайды!!!☺☺☺

Самал

Маған бұл Туған жер деген өлең қатты ұнады

RONALDO

Like like

жансая

жаман коп шалапала

Ппппппппп

Керемет олен

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)