Өлең, жыр, ақындар

Достар тілегі

  • 31.01.2016
  • 0
  • 0
  • 5565
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді,
Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді.
Сол үшін де барлығымыз қуанып,
Достығымыз жаңарған бір түрге енді.

Сені бүгін бәріміз де ұғындық,
Туған күннің бізден ән менен жырын күт.
Тыңдайсың да айтылатын ақ тілек,
Ортамызда отырасың бүгін нық.

Достар барда дәл өзіңді ұғатын,
Таси берсін жүректе күш-қуатың.
Мақсатыңның биік шыңы бағынып,
Орындалсын ойдағы арман-мұратың.

Осы күнде мына өмірге келгенсің,
Тіршілікке шыр етумен енгенсің.
Ізденісің жеміс беріп әрдайым,
Алғыс алып қуана бер елден шын.

Әр шаттықпен осы күнге жеткенсің,
Көп асудан бізбен бірге өткенсің.
Дос тілегі болашаққа жетелеп,
Туған күннен туған күнге жеткерсін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке-Ана

  • 0
  • 0

Уыздай перзент атты гүл-шыбықтың
Үнінен уілдеген бір сыр ұқтың.
Мына өмір, мына әлемде Сендер барда
Бағасын білдім ғажап тіршіліктің.

Толық

Батасын берер сол кезде әже, аталар

  • 0
  • 0

Бақ күткен екеу бүгiнде дағы, кеше де,
Махаббат көлiн қос ғашық болып жүздi бiр.
Ата мен ана бала ғой әлi десе де,
Гүл атты бүгiн қыз ғұмыр.

Толық

Мұғалімдер күні бүгін

  • 0
  • 0

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.
Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде
Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер