Өлең, жыр, ақындар

Ұжымдас әріптес тілегі

  • 31.01.2016
  • 0
  • 4
  • 65590
Шаттық күнді талай бірге жырластық,
Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық.
Замдарымыз болса-дағы бірнешеу,
Бастығымыз - бәрімізге бір бастық.

Бір ұжымбыз, бір мақсатта бірлестік,
Мамандармыз, болмайды істе білместік.
Бірімізге тілекшіміз бәріміз,
Жүрмейді мұнда пендешілік күндестік.

Таныс мұнда барлығы да ал саған,
Басқа ұжымды емессің сен аңсаған.
Әрбір жылың осында өткен бағалы,
Біледі соны осы жерде қанша адам.

Қарайлаумен мағыналы өткенге,
Құттықтаймыз төбең көкке жеткенде.
Мақсаттарың жүзеге ассын ойдағы,
Мақсаты жоқ бізде өйткені жоқ пенде.

Шын тілекші саған бүгін екен ел,
Жұмысыңда жетістікке жете бер.
Биіктерден қол бұлғасын марапат,
Еткен еңбек қашанда да өтелер.

Әрбір күнің сеніміңді ақтасын,
Аман болсын өз отаның - отбасың.
Тәжірибең тың ойларға жетелеп,
Бола берсін басыңда тек бақ басым.

Тағы лебіз айтайық жақсы болып кеш,
Сен де талай ұжымдасты дәріптес.
Саған табыс тілейді бүгін барлығы,
Құтты болсын қуанышың, әріптес!



Пікірлер (4)

Ақерке

САЛЕМЕТСИЗ БЕ!
ОЛЕҢДЕРІҢІЗ ТАМАША ЕКЕН...
РЕНЖІМЕСЕҢІЗ,МАҒАН ТЕХНАЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МУГ-НЕ АРНАП ОЛЕН ШЫҒАРЫП БЕРЕСИЗ БЕ???
1-ШУМАҚ

Жаина

Статистиканы ҰЖЫМҒА АРНАЛҒАН ҚҰТТЫҚТАУ тілек жазып беріңізші

Myrza

Өте керемет!

ақторғын

өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Енді олардың бірге өмірі, әнге толы бір кеші

  • 0
  • 1

Ұластырып бір шаттыққа күндері мен түндерін,
Ілестіріп қуанышқа думан сүйер дүрмегін.
Бабалары шежірелі тектен тарап өрбіген
Бір әулетке түсіп жатыр тағы, міне, бір келін.

Толық

Ата-ана

  • 0
  • 2

Тәлімге ұлды шақырар,
Қызға да дейді - қарағым.
Тілеуін тілеп отырар
Әрдайым үйде баланың.

Толық

Ел үшін туған ер ұлы

  • 0
  • 1

Өткеннен бізге ой тартқан,
Көрінер тарих көзге ерек.
Елдігімді талай шайқалтқан,
Дұшпанда кеткен аз ба кек?!

Толық

Қарап көріңіз