Өлең, жыр, ақындар

Анаға сағыныш

Анашым... сезесің бе шаршадым,
Қара түнде жамылып ап көрпені,
Еске алумен,жылауменен,
Сені аңсадым!
Өзің едің бұл өмірде тірегім,
Жыласам да,сұрасам да,
Қайта оралмассын, білемін...
Ішім толы мұң болса да,
Дұшпандарым қорықсың деп күлемін.
Бүгінде қан жылайды жүрегім,
Себебі, сағынып өзінді жүремін!
Анашым.... сезесің бе шаршадым,
Мейірімі керек емес маған басқаның.
Сенің ғана сөздеріне зәрумін,
Сені ғана сағынып, мен аңсадым!
Қыз балаға ана орны ерекше,
Ұғындым мен оны күні кеше.
Сырларымды айтайын деп іздедім,
Бірақ... жан таппадым өзіңдей,
Қанша іздесемде!
Анашым... сезесің бе шаршадым,
Ішім толы ыза, ашу, мұң.
Алдына барып ақтарылғым - ақ келеді,
Әттен, әттен қайдан іздеп табамын?
Сен кеткелі өмірден он жыл өтті,
Әкем де он жылға қартайып,
Сіңлім де он жылға ер жетті.
Бірақ та ұмытпадық,
Бейнеңді, айтылған сөзіңді,
Мейірімге толы жанарың мен көзіңді,
Әрқашан сағынып, еске алумен жүреміз өзіңді!



Пікірлер (100)

Аслан Ргынбаева

Иә, бұл өмірде ең қымбат қасиеті жан Ана ғана. Жоқ болса жатып кеп издейсин ал қасында жүрген анаңды қарттар үйине тапсырып жатқан азғындарды көргенде қаның қацианды. Ананы аялаңдар дегим келеді.

Аслан Ргынбаева

Өлеңдері өте әсерли

Асем

Олен жаксы екен

Марина

Олен керемет

Розалия

Өте әсерлі өлең жолдары

Алима

Керемет жазылган,Анамыздын кадирин кеш тусинемиз ,жогалтканда

Дана

Олен унады анамды есиме тусирип жылап алдым анамнын орны бир болек болган екен

Аслан Ргынбаева

Жасым 59 да.Мен бала кезимнен поэзия өте жакын өстім. Типти кишкене кезимде әжем кози кормейтин маған ылғи Ертаргын,Алпамыс батыр,Рустемдастан т. б.окытып коятын жалыкпай окитынмн.Кейде козимди жумып алып такпкк айткандай зырылдатып айтушы едім. Ал қазіргі жастар окымак тұрақ колына да устамайды ең окиништиси колдарында ойын плпншети.Мумкин солай дурыста шығар. Мейлі аман болсыгшы.

ахмолдаев жасмин

Ахмет байтурсынулынын олендерынын барлыгы маган оте катты унады.

ахмолдаев жасмин

Ахмет байтурсынулынын барлык олендеры маган оте катты унады . асыресе Есек пен Укы катты унады

Абдусабыр

Ана деген асыл ғой.

Айнур

Анаң жаныңда болса кандай жақсы.əттең

Құндыз

Анаға не жетсін.Ананы аялаңдар. Ананың жоқтығын басына түскен адам біледі

Гұлбахрам

Өлең өте керемет.Ең қымбат жан анаң. Аналарыңды қадірлеңдер халайық.Ананың қадірін анаң бұл өмірден өткенде түсінесіңдер.

Карлыгаш

оленди окып жылап отырмын.Маган анамын каншалыкты санынганымды созбен айтып жеткизе алмаймын.Анашыл асылым сени сагындым.................

Индира

Иа ананын орнын ештене де ешким де толтыра алмайды алайда ананы бар кезинде кадирин коби тусине бермейтин кынжылтады бар кезинде оны соншалыкты суйетининди билдирип сезиндире билгенге не жетсин

Гулнара

Анамнын кулыптасына жазатын такпак керек еди көмектесиниздерши

Гулнара

Анашымнын кабирне койатын кулыптасына естелик олен шумактары керек еди

Мөлдір

Гулнара, ілмек арқылы іздеп көр, ана деп жазып: http://bilim-all.kz/tag/olen?tag=%D0%B0%D0%BD%D0%B0

Сымбат

Анасынан айрылып калган адамдарга катты жаным ашиды, ойткени менин де Анашымкк47жасында бакилык болды ,кеткели он жыл болды. Окинишке орай. Анасыз омир суру оте киын. Менде окып жылап отырмын.Амалым жок...

айткүл

Ия, Ана дегенде езілмейтин жан жоқ шығар. Жазылған пікірлерді оқып, менің де ішім қан жылап отыр. Ана - ол өмірдің ең керемет сыйлығы ! Аналарыңызды қандай жағдай болмасын аялай біліғіздер!

айткүл

Анам есіме түсіп. көңілім босап кетті.

Меруерт

Каншама жандар оздерин багаламастан неше турли жагдайда жур аттен .... Ал менин анам бул омирде ешкашан ...шаршадым...демейтин Амал жок арамыздан алып кетти торт жыл болды журегим кан жылап отырмын

жаухар

анамды сагындым катты

Алтынбек

Асылым ардағым кымбатым
Омирдеги коз қуанышым жан журегим
Анашым козден бул ушып келместин сапарына канат кагып кетин ау. Ар кун еске алып сагынам

Жамиля

анамды катты сагындым анамнын орны бір болек

Жупар Жомарт

олен шын журектен шыккан бирак уйкастык аз,копшиликке жарияланып отырган сон ондеу керек еди

Дана

Мағанда ұнады

Жүрегімен жазған екен,шынайы.

Жүрегімен жазған екен,шынайы.

Құндыз

Анаңызды қадірлеңдер

Нуке

Адам ушин ен жакын ана екен. Тірі кунінде аналарды аяланыздар. Ерте ме кеш пе бір бірімізден ажыраймыз. Баска тускен адам гана катты сезінеді екен.

Меруерт

Меніңде анам 1жыл бұрын арамыздан кетті. Менің жасым 14 еді . Жүрегім қан жылайды. Үйдің кішісімін. Анасыз өмір мəнсіз. Ана деген өмірдің гүлі деген рас. Мына өлең тамаша екен.

Гульнара

Анамды катты сагындым

Иля

Казагымнын осындай етти елжиретер , журекти тебретер ,бастысы акылмен накыл создерин кеулимизге жакын алып окимыз!!! Тек кана анасы жоктар пикир калдырыпты... байкасандар... мен де окыдым... амал канша

Эльмира

Менинде анам жо к5 жыл болды.жакын арада жолдасымнанда айрылып калдым.омирден катты тунилип журмин.жаксы олен жылап отырмын.

Мылтықбай-67 жастамын.

Анамнан айрылғалы 61 жыл болса да,мына жолдарды оқып,көзіме жас алып, жылап отырмын. Үйткені сүйікті,мейрімді, асыл анамды сағындым.

Ансаган

Өте əсерлі. Анамды сағынып жылап отырып жаздым. Анамды қатты сағындым. Анамнан айрылып қалғаны ма 1 жыл болды əлі де сенбеймін. Есіктен кіріп келердей болып тұрады.

Асемгуль Калтаева

Мен анамнан бес күн бұрын айырылдым. Анамның қадірін енді түсініп отырмын.Қандай қорқынышты анасыз өмір.Анадан жақын жан жоқ. Жолдасың да туысың да ананы айырбастай алмайды. Мен сиякты өкініп қалмаңыздар.Анамызды қадір тұтайық.Маған бəрі кеш болды.

Сандугаш

Ананын кадирин жок болганда тусинеди екенсин. Сондыктанда бар уакытында кадирлендер. Анамды сагындым.

Гульнара

Анамды сагындым кеудемди оксик кысады????????????кайтсем екен

Гульназ

Анамнан айырылып калганыма бир ай болды,журегим кан жылайды.Анам камкоршым ,тирегим еди катты сагынып отырмын.Балаларыма аландаймын кундиз кеш бата Козим жаска толады .Анашымды сагындым

Гульназ

Анашымды сагындым.киын екен Анамнын касымда жоктыгы.кундиз балалармен билинбейди тунде Козим жаска толады.бугин бир ай болды айырылып калганыма.Анамнын орнын ешким баса алмайды жаным Анашым

Гулсара

14.11.17 21:21
Менің де анамнан айырылып қалғаныма 18күн болды.Анам жоқ деп ойласам жүрегім ауырып,сене алмаймын.Анашымды сағынып жүрмін.Акылын айтып балаларына, бәрімізді уайымдап отырушы еді.Ішің күйіп,қан жылаганмен қайтып келмейді ғой.Анама дұға тілеп,сабыр етем.Жаным анам жаның жәннатта болсын, иманың қасыңда болсын.

Лаура

АНАШЫМ алтыным ең кенже бауырым Жасұлан екеуі жол апатынан қаза болды. өздеріңсіз мына өмірдің мəні қалмады. алланың ісіне ешқандай амалымыз жоқ екен. өздеріңді сағынып жүрмін. ауылға барсам екеуі бұрынғыдай алдымнан шығатындай болады. жандарың жаннатта болсын асылдарым! Əкешімнің де құр кеудесіне қайғы толды. қатты қажып жүр... ешкімнің шаңырағына бұндай қайғы бермесін.

перизат

бул оленын озындык мани бар анама озымнын сагынышым бар

перизат

анасыз омыр сонген комыр

Гулзат

Кандаи жаксы олен. Менде анамнан аиырлганыма 2жыл отти ишим ашиды окиниш те коп амал канша

Гулнур

Анамды сагынумен омирим отетин шыгар кеиде анама баргым келед бирак балдарымды анасыз калдыргым келмид анамды умытпаим жане окиништенде ишим ортенед анам тири болгандагои ширкинай

Жанат

Анамды катты сагындым , жаным анашым ак анам касымда болсан гой шыркиннн

Жанат

Анашымды катты сагындым жаны жанната болсын жаным анашым

Майра

Менде анашымнан айрылганыма 1 жыл болады.жазгандарынызды окып жылап отырмын.

Нұрсұлу

Ех шіркін! Осындай өлеңдерді оқысам жүрегім қан жылайды.Егер ..... мүмкін болса Анашымды қайта бір құшақтасамғой деп армандаймын.Əттең......

Жанерке

Анаға деген сағыныш күшеймесе ешқашан басылмайды. Бір ғана орындалмас арманым бар, анамды бір рет құшақтап алып бетіненсүйем екен. Белден асып, беліне белбеу байланып, белбеу өзіне жарасып кетіп қалды. Өзімде ана бола тұра анамның орны бөлек. Сондай қатты сағындым.

гульдана карлыбаева

ия әсерлі екен өз анамды суреттеп отырғандай әсерде болдым менде анамнан айрылып қалдым ол сезімнің қандай екенін өте жақсы білем .сыртымыздан күліп жүрсекте ішіміз толы мұң.

Жанат

Ия Менин АНАШЫМ да қайтқанына 5 ай болып қалды!!! Өмір ай десеңші шіркін. Ақпанның 26 Анашым 60 толу керек еді. Бірақ Анашым қасымызда жоқ, мен өзім алысқа тұрмысқа шыққанмын Анашым мен 60 қа толғанда келесіңдер ғой деп еді! Алла оны көруді жазбапты! Анашымыз қатты сағындым, кенжетайым деп еркелететін еді. Жүрегім қан жылайды, Жаны Жəннатта болсын Жаным Анашым Жаныңыз Жəннатта болсын

Асемгуль

Анамның өмірден кеткеніне бес айдай уақыт өтті... Анамды сағындым.Өмірімнің мəні кеткендей.Ешкім орнын баса алмайтыны шындық екен. Мені жəне менің балаларымды қатты жақсы көруші еді.Не істеймін енді?

Жанар

Бəріңізге айтарым, аналарымыз желеп жебеп жүрсін, иманы жолдас болсын.3 март менің де мамамның қайтқанына 100 күн болад. Бəріңіздің қайғыларыңызға ортақпын. Мен де анамды жоғалтқанда бір үлкен əлемімді жоғалтқандай күй кештім. Сағыныш өзегімді өртеп, жүрегімді ауыртады.

Жанар

Мамам қайтқанына қырық күн болғанда шығарған өлеңім: сағындым Ана өзіңді,
Қиналып жүрегім езілді, қырық күн де болып қалдығой, Көрмегелі жүзіңді.
Боздаған ботадай, Артыңда қалдымау, Жоғыңа сене алмай,
Есіктен тосып жүрмінау.
Бір иіскеуге зар болып,
Мауқымды баса алмай жүрмінау
Күлімсіреген жылы жүзіңді
Ақ мамау енді көрмеймау.
Ақ Жанарым деп енді кім айтар?
Маңдайымнан кім сипар?
Сағынып-ау мен келгенде
Алдымнан менің кім тосар?

Саягул

Анамнын кайтканына 08.08.18. 4 ай болады.Катты сагынып журмин.Журегим кан жылайды.Катты кушактап,искегим келеди.Тири кезинде кадырын билмеппин.Аттен-ай уакытты артка карай жылжытуга болганда гой.Омир бойы АНАШЫМДЫ сагынып отемин.Жаткан жерин жайлы,топырагын торка болсын!Жанын жаннатта болсын АНАШЫМ!!!

Алия

Менде сагындым анашымды

Гүлнара

Анашым қатты сағындым

Динара

Анамыздан айырылганымызга 2 айдан кетти 14.06.18ж. 100 кундик садакасы болады. Баримизде анамыздын жоқтығы на сене алар емеспиз САГЫНДЫМ АНАШЫМДЫ сөзбен жеткізу киын екен...

дина

Аллам алдынан жарылқасын.

Назира

Аналар аман болсын... Баланың бақыты, үйдің берекесіғой... Анам тірі болса бүгінде 54 жасқа толар едіғой... Сағындым сізді жан Анам....

Еламан..

Мен де оленди окып анамды катты сагынып жылап отырмын,ойткени мен уйленбеген бойдак Анаммен бирге турдым,Анамнын кылыктарын,мени улкен де болсам..еркелеп айтатын создерин естигим келеди..мени ботам дейтин,мени кутетин,издейтин,кешиксем хабарласатын,жумыста журсем бир биримизге хабарласып туратынбыз,Семьда 6(алтау)болсак маган ерекше карайтын..мен кенжеси болсам да...жасым 45 келседе,Анашым осы жалган фаниден мангилик бакига кошти...77 жасында..Анашым ешкимге ренжип соз айткан емес...Барында Анамнын кадирин билмеппин..енди журегим ортенип..налып,бос калды..арен журмин..жылаймын..откен кунди еске алам...не истеймин..2(еки)жума Анашым комада жатты..ораза уакытында..Ораза битти..Анамда кетти..мине ертен тура 1(ай)болады омирден озганына...Анашым топырагыныз торка..жаныныз жаннатта болсын...Мангиликте кауышармыз

Элина

Менде мамады каттты сагындым. Екы жарым жылдын калай откенин билмимын. Омир отуде. Аналарымыздын жаны жаннатта болсын.

меруерт

менде анамнан айырылганыма 6ай болыпты уакыт зымырап отип барады кайтемиз алланын калауы болса кимаймыз сенгинде келмид катты сагындым анашым жаныныз жаннатта болсын

Гүлнара

Анаға деген сағыныш.....Сағындым маматайым қайтейін,амалым барма?Анамның мәңгі сапарға аттанғанына 1 жылдан астам уакыт өтті.Әлі күнге дейін сене алар емеспін.Анашым жаныңыз жәннатта болсын.Біз сізді қатты сағындық.Әттең бір ауыз сөзіңді ести алмадым ғой.Жаным-ау өзегім өртеніп барады.????????

Гулдария

Ана деген ардакты жан ананам на айыргалы торт жарым ай болды. Сагындым издеймин таппаймын жанымау, ужымакта отыруга Алла тагала насип етсин

гүлмира

менің де анамның қайтқанына бүгін отыз үш күн болды,Аяулы анама деген сағынышым күннен -күнге салмақтанып барады,Анамның қалқайып отырғанының өзі бір бақыт екен гой,Енді міне, қандай да сый-құрмет көріп жатсам да, анашымның бір жылы сөзі мен ақылына жетпейді екен,Дүниенің мейірімі де,нұры да -тек ананың қолында екенін тусіндім,Жан Анам-ау,жатқан жеріңіз жайлы ,топырығыңыз торқа болсын!Соңғы бейнеңіз көз алдымнан кетпейді,Сағынып жүрмін,Кірпігіңізді қақпай әр балаңызға қарап, қоштасып жатыпсыз ғой,Мен соны білмеппін, Шіркін,сөйлеп жатсаңыз бірдеме айтар едіңіз ғой,Алланың ісіне қарсы келе алмаймыз,Бәріне де көнеміз,Анамның арты жақсы болсын деп тілеймін,

Ақжайық

меніңде анамнан айырылып қалғаныма 3жыл болды әттең ана орны әркез бөлек ғой шіркін

Жанар

Анамнан айырылғаныма ертен 30 күн болады екен. Қандай шарасыздық, бәрі тоқтап қалғандай, кеуде толған өкініш, өксік. Шіркін қауқарсыз медицина мен ақ халаттылардың көп адамды қиналтып, обалына қалып жатқанына не деуге болады??????? Тек түңілемін мына заманға қарап, елім, туғандарым, балаларым не болады екен, бәрі көзбояушылық...

Жанар

Анашым жаның жәннәта, топырағың торқа, қабірің жарық болсын. Жаның жұмақта болсын

Анар

Бүгінде анам көзі тірі болса туған күнін тойлар едік, бірақ арамыздан сұм ажал алып кетті, өмірден өткеніне 3 жылға таяп қалған екен. Өлең жолдарын оқығанда еріксіз көзіңе жас келіп жылап алдым. Сағынамыз, марқаямыз , жатқан жерің жарық болсын , жұмақтың төрінде шалқи бер Анашым.....

Индира

Ия мамады қатты сағындым. Əттең қолымнан келсе гой мамамен бірге откен кундерді қайтарып алуға. Мəңгілік сағынышым. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Анасы жоқ адамдарды түсінемин.

турсынгали

менде анамнан айырылгалы коп болмады
бирак бул омир заны гой арине ешким анасын кимайды бирак кайгыга катты бас уруга болмайды
биз анамызды шын суйсек онын жанын кинамай кидым ана деп жибереиик
жылай берсен ананын жаны сени кимай касында журип алады канша киналсада сол ушин киып жиберу керек шын журектен ойткени ол кисинин ол дуниеде де шаруасы коп
шаруасын битиотп кайта тусын бир жерше ол киси керек деп ойлаймын

Бахытгул Реймбаева

Оте оте керемет создер) эмоцияга берлп кетесн, коз жасна ерк бере алмайсн, соз жок)

Самал

Оте асерли жазылган. Жарайсыз. Коз жасымды токтата алмай отырмын .менде анамды катты сагындым. Созбен жеткизу ауыр. Енди тусинип жатырм кадирин. Анашым мен сени сагындым.Анамнын жоктыгына 3.ай. алиде сенбеймин.Аналарынызды козинин тирисинде кадирлениздер. Барып турыныздар сагындым деп. Окиништи менин анам. 55.жасында кетти.....

Самал

Анашым. Жаткан жерин жайлы топырагын торка болсын .Жанын Жаннатта болсын. Алла тагала Анамды кабир азабынан сактай гор. Иншалла

Анаргул

Ал мен шіркін анашымды ең болмаса бір рет корсемғой деп армандаймын

Бекасыл ТР

5-маусым Анашымнын Кырык кундик Асы, Анамнан айырылып калганыма сенбеймин,есиктен кирип келердей болып турады,Анашымнын жаткан жери жайлы топырагы торка болсын Сонгы бейнениз коз алдымдымнан кетпейди, менимен ишки дуниенизбен коштаскандай, жан-уянын улкенисин аке орнына калдын балам тозимди бол, бирликтерин ажырамасын дегендей болдыз Алланын исине еш кандай амал жок,барине конемиз ар кун еске аламыз сагынамыз Анамызга дуга жасап сабыр етемиз, иманы жолдас болсын!

Лесгул

Керемет,өлеңді оқып,анамды есіме алдым

Ардак

Анашымды сагындым

Әсемгүл. Ақтөбе облысы.

Бүгін 03.10.2019жыл. Анамның жерге түскеніне 27 күн болады, анамнан айрылғаныма 29 күн болмақ. Анашымау естимісің? Сеземісің қалай сені сағынғанымды? Өте әсерлі өлең жолдар екен, рахмет! Күнде таңертең мамау деп звондайтын едім сенің дауысыңды естуге зар болып отырмынғо мамамау. Жүрегім езіліп кететіндей. Мамау жатқан жерің жайлы болсын шы.... Аналарымыздың жатқан жері жайлы болсын!

Гульнара

Анашымды қатты сағындым
Бес жыл өтті. Анашым өмірден өткелі
Шіркін ай бір сәттке келсе ғой құшақтап муңымды айтатын әттең ай
Кеүдемде бір өксік басып тур
Жаның жәнатта боосын анашым

Айсұлу

ТӘТТІ СҰЛУ АНАШЫМНАН АЙРЫЛҒАНЫМА 14 КҮН ЬОЛДЫ,БІРАҚ СЕНБЕЙМІН,БҰРЫН АУЫРМАҒАН ІШКІ ЖАН ЩҮНИЕМ ЖҮРЕГІП БА ,ЖАНЫМ БА БІЛМЕЙМІН БІР ЖЕРІМ ҚАТТЫ АУЫРАДЫ,ІШІМ ӨРТЕНІП КҮЙІП БАРА ЖАТҚАНДАЙ,АНАМ НЕ БАРЫ 52 ЖАСЫНДА КӨЗ ЖҰМДЫ,РАК АУРУЫНЫҢ ЕМІН ТАБА АЛМАДЫҚ ҚОЙ,ҚАНША ҚИНАЛСА ДА САБЫРЛЫҚПЕН КЕТТІ ҒОЙ ,АНАШЫМ ЖӘННӘТІМ ЖАТҚАН ЖЕРІҢ ЖАЙЛЫ ТОПЫРАҒЫҢ ТОРҚА БОЛСЫН,МЕН СЕНІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН САҒЫНАМЫН ІЗДЕЙМІН

Жамил

Менимде анам каитканына биыл 20 жыл мен 26га толдым каиран омир осы олен маган арналгандаи киын кундер аи ...........

Акмарал

Ия, Анашымды уш жыл болады, кушактап бир иискеп, иыгына басымды койып, шашымшан сипаган саттерин ансаумен келемин... Дуниеден откен Аналарымыздын жандары Жаннатта болгай. Аналарынызды кадирлеп, ар куни, ар сагатта, ар минутта жаксы коретиндеринизди айтудан жалыкпаныздар...

Мақпал

Өмірге мені әкелген,
Өмірден өткен адамды
Сағындвм мен Анамды ...
Анашымнан айырылып қалғаныма екі ай болды аты жаман рактан кетті.Сондай сағынамын өлеңді оқып бір жылап алдым шіркін анасы бар адам бақытты екен, анасымен жүргендерді көріп қызығып қараймын

Айнаш

Кеше анам мәңгілік сапарға аттанды. Бар кезінде қадірін білмедім. Өкінішім кеудемді жарып барады. Дүние, арзан ойын-күлкі үшін уақыттарыңды жоғалтпай, Анамызға уақыт бөлейік ағайын. Өмірде ең асыл сыйластық, ең жаман өкініш екен...

Айжан

Анамнан айырылып қалғаныма 1 жылдың жүзі болып қалды 93 жасында тамақ іше алмайтын жаман ауру болды. Алла жанымды қинама деп жылағанда отыра алмай кетесің жанында,анам кеткеннен кейін өмір маған бос қалған сияқты болды. Мені жатқызба күн суыққа қалдырма деп тілейді. Айтып жатқаным анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды деген рас екен анам есіме түссем жүрегім жаман боп отырып қаламын. Ананың қадірін ана болғанда түсінесің деген рас екен.

Нургуль

Асылым ардағым кымбатым
Омирдеги коз қуанышым жан журегим
Анашым козден бул ушып келместин сапарына канат кагып кетин ау.

Айнура

Анашым, мәңгілік сағынышым енді өзіңдей асылды қайдан табам? Бізді тастап кеткеніңе 14күн болыпты бүгін

Жансая

Анамнан айырылып қалғаныма бүгін жетінші күн. Ештеңеге зауқым жоқ. Жатқан жері жайлы болғай. Желеп,жебеп жатсын Анашым

Галия

Анамды ойлаумен мен де арбир тунимди откизип жатырмын,жалган омир,анашым ерекше жан еди,айтып жеткизу киын,жылдыгына жоктау жаттайын десем таппадым,туни бойы коз илмеймин,сагынышым менин,асылым ,жаныныз жаннатта болсын.Алламколдасын.Сагындым.

Айнаш

Анашым сізді қатты Сағындым.анасыз өмір қара түнек анашым қасымда болса арманым болмас еді

Сұлушаш Үсенқызы

24.01,2021 ж.
Анам, Мәтқызы Ұлмекен бұл фани дүниеден өткеніне, келместін кемесіне отырып кеткелі 17 күн болды. Мен үшін бұл 17 күн ең қиын күндер болып тур. Төр жапсарын ояйын, орнына сандық қояйын, Дүниеден өткен жан Анам-ай орныңа кімді қояйын. Базардан келген көк арба, жаңбыр тисе оңар ма? Қанша адам жиналса да. Анашым сендей болар ма?

Сұлушаш Үсенқызы Анашым жаның жаннатта болсын. Құр

Жан жүрегім жаннатым Анашым. Бұл дүниеден сенің көзіңдей мейірлі көзбен маған ешкім қарамас, сенің жылы жүзіңдей бейне еш бір жанда болмас.

Ләззат Бекенқызы

Анашым алтын сандығымнан айырылып қалғаныма 40 күн болды. Маматайым- ау жарық жұлдызымыз едіңіз, мезгілсіз сөніп қалғаныңыз ай сағындық, күлкіңізді,ақылыңызды,қамқорлығыңызды,жаныңыз жәннаттың төрінде болсын жаным анашым,

Сара

өте әсерли Өлеңдері

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар