Өлең, жыр, ақындар

Қойшы бала Әкітай

  • 18.12.2015
  • 0
  • 5
  • 84095
Алғыр, өжет Әкітай,
Өзі қалап қой баққан.
Қозысын қорғап аялай,
Лағын жарға ойнатқан.
Жайлауда болды Әкітай,
Семіртіп қойын бірнеше ай.
Шілденің ыстық күнінде,
Мал бабын тапты жалықпай.
Жайлаудан қайтты Әкітай,
Күз болды енді түн ұзап.
Күзетіп қойын ұйықтамай,
Бөріге бермей бір лақ.
Қыс болсын мейлі Әкітай,
Мәпелеп қойын бағады.
Өмірден оқып қажымай,
Малының бабын табады.



Пікірлер (5)

Айзере

Бұл өлеңдер маған ерекше əсер қалдырды. Өйткені, бұл өлеңдер тағылымға толы.

Ақбота

Өте тамаша керемет екен

Кәдірбек Аиша

Өте тамаша

Әділет

Өте қеремет өлең маған қатты ұнады

Әділет

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Қар жауып тұр

  • 1
  • 8

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!

Толық

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 4

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Ақ кимешек көрінсе

  • 4
  • 20

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.

Толық

Қарап көріңіз