Өлең, жыр, ақындар

Адасқан шағала

  • 14.04.2015
  • 2
  • 15
  • 37923
Жаным-ау, қайдан жүрсің, ақ шағала,
Келсең кел, бұл өлкені жат-санама.
От-суы мол осынау байтақ алқап,
Сая болған батырға, патшаға да.

Қылша мойын жаным-ау,қылыш қанат.
Қимай мені келдің бе туыс санап?
Ақ ниетпен келдің ғой қалайдағы,
Шашсам ба екен күн нұрын уыстап ап.

Айдыным жоқ төсіңмен шимайлаған,
Аялайды, әлдилеп мидай далам.
Толқынға қонақтаған ерке-тотай,
Толқынсыз қара суға қимай барам.

Кім екен саған еткен зорлық, қысым,
Адасқан Атыраудан зарлықпысың?
Көлшігім, бұлақтарым - бәрі саған.
Адасқан Отанынан зарлық құсым.

Қонбасыңды білемін қыр басына,
Толқының жоқ жаныңмен сырласуға.
Бөрі де табылар-ау бүл өмірден,
Тек Отаның жетпес-ті бір басыңа...



Пікірлер (15)

Мөлдір Қойшыбай

Өте қызық ойын
Клааааааааааас

Мөлдір Қойшыбай

КЛААААААААС

аяулым

Керемет

аяулым

Керемет маған ұнады супер

Ғазиз

Күшті екен

нұрпапа әмина

не дейін супер,керемет маған ұнады.

ақмарал

мен үшін супер

айгерим

Клас

Мерей

Мұқағали мақатаевтің төрт шумақты өлені барма

Адиа

Супер

Алина

суууууупер
рахмет

Айсана

Мұқағали Мақатаевтың Адасқан шағала өлеңі ұнады

Айбұлан

маған бұл өлең ұнады

Пікір қалдырыңыз

Сен менің жүрегімді жазалама

  • 1
  • 3

Сен менің жүрегімді жазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да,
Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме
Сезіммен кел, болмаса мазалама.

Толық

Түйсік

  • 1
  • 3

Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен,
Жалықтым-ау, осы бір күн көрістен.
Үмітім де үзіліп бара жатыр,
Мына құрғыр мандышай жүрген істен.

Толық

Ақын ініге

  • 1
  • 2

Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен - бір бәйек жорғамын байпаңдаған...
Күлесің-ау,
Күлесің... Сайтан-бала,

Толық

Қарап көріңіз