Өлең, жыр, ақындар

Қазына

  • 10.12.2015
  • 0
  • 2
  • 23584
Америка ашқандай
Аштық талай өңірді.
Кедергісіз ешқандай
Қаздық қанша көмірді!
Қара жерді қопардық
Астары - алтын,
Тысы - шым.
Кенді судай қотардық
Мырышы үшін,
Мыс үшін!
Тұнып тұрған бір құнар
Түзім менің керең бе?
Жермай үшін бұрғылар
Жетті қанша тереңге!
Қашты жұрттың күлкісі,
Қашқаны да орынды:
Көне заман мүлкі үшін
Қаздық қанша қорымды!
Көзіңізбен көрдіңіз:
Таумыз,
Түзбіз,
Тақырмыз.
Қазып-қазып,
Жерді біз
Жегідей жеп жатырмыз!
Бүгіп қалма!
Бұлдама!
Болса елдің керегі.
Басқа түгіл,
Бұл дала
Бізге ұран да береді!
Келешекке базына
Көп сыр жатыр жазылмай.
Тарих деген қазына
Қала ма тек қазылмай?!
Өткен күн де - өнеге,
Тонна тұрар грамнан!
Тарих сонша -
Немене? -
Қауіпті ме ураннан?!



Пікірлер (2)

Инжу Куанышбекова

Керемет ❤️

Атина

Ешким осылай Кадыр агамыздай олен жаза алмас! Не деген керемет жырлар!!

Пікір қалдырыңыз

Жаңғалақтар

  • 0
  • 0

Ойнай-ойнай зеріккен
Ерік, Берік, Серікпен
Ертең ерте оянып,
Қармақ алып, тор алып,

Толық

Даңқ

  • 0
  • 0

Даңқ! Даңқ!
Таң қаламын мен саған.
Жастар мынау,
Қарттар анау қаусаған.

Толық

Доңыз бен Сабын

  • 0
  • 0

— Белгілі бір тәртіпке бағын, әке!
Тазалыққа басыңды ій,
Табын, әке!—
Деп Мысықбай

Толық

Қарап көріңіз